• 20.04.2024

«Тәуелсіз Қазақстан және Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – 21 ғасырдағы ұлттық сана»

Авторkaznai

Nov 26, 2021

Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттерінің «Тәуелсіз Қазақстан және Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 21 ғасырдағы ұлттық сана» атты форумын өткізілді

       2021 жылдың 25 қарашасында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ филиалы Алматы қаласы ҚХАХ ұлтаралық қатынастарды дамыту бөлімімен және Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-мен, «Қазақстандық  философиялық конгресс» (ФК) қоғамдық ұйымымен бірлесіп, Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттерінің «Тәуелсіз Қазақстан және Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру 21 ғасырдағы ұлттық сана» атты форумы  (Онлайн) өткізілді.

       «Форумда» Қазақстан мемлекеттілігі тарихының өзекті мәселелері, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясы, жаһандану және өңірлік интеграция проблемалары, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың егемен мемлекетті қалыптастырудағы шешуші рөлі, сондай-ақ қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділі мен жоғары руханиятын қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасын іске асыру мәселелері талқыланды.

       Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – патриоттық тәрбие негіздерін насихаттау, рухани дамудың оң көзқарастарын қалыптастыру және қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың аса маңызды міндетін шешуге арналған азаматтық сана-сезімі жоғары деңгейдегі студенттік жастарды шығармашылық қызметке тарту болып табылады.

Ісшараға  қатысқандар:

Алматы қаласы ҚХА -ның Хатшылығы басшысы  Балгимбаев Н. А.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы  Тажмуратов  Ш.Е.

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының  орынбасары, ҚР құрмет орденінің  иегері  Нәлібаев  Ж. Б.

«Қазақстандық  философиялық конгресс» (ФК) қоғамдық ұйымының вице-президенті филос.ғ.д., профессор  Габитов Т.Х.

Кафедра меңгерушісі. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі  филос.ғ.к., профессор  Алимжанова А. Ш

Алматы қаласы ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары Омар Мохаммедсаруар

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»  кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы.

 Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің,  Satbayev University, Алматы Менеджмент Университетінің, Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университетінің, Каспий қоғамдық университетінің, Тұран университетінің, Азаматтық Авиация Академиясының, Алматы гуманитарлық – экономикалық университетінің студенттері мен магистранттары қатысты.

Форумға 130дан астам студент қатысып, 20 баяндама тыңдалды.

Іс-шараға жауаптылар: филос.ғ.к., «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»  кафедрасының доценті, Алматы қаласы ҚХА ҒСТ мүшесі Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы.

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»  кафедрасының аға оқытушысы Тауенов Канатбек Ергазыевич

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»  кафедрасының аға оқытушысы  Удербаева Ляззат Дулатовна

Приемная комиссия