• 17.08.2022

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында «Өнертану» факультетінің төрт бірдей ұстаздары мемлекеттік марапатқа ие болып жатыр. Жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Д.Исабеков «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденіне, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  С.Балғабаев «Парасат» орденіне, қазақ кино өнерінде жемісті еңбек етіп келе жатқан, үздік кинофильмдердің авторы, кинорежиссер Д.Өмірбаев «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына, өнертану кандидаты, «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессоры О.Батурина «Құрмет» орденіне ие болды. 


Біз академия атынан өз ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз! Шабыттарыңыз сарқылмасын!
#Академия_Құттықтайды

Приемная комиссия