• 21.01.2022

«Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы»

Авторkaznai

Dec 15, 2021

13 желтоқсан сағат 12:00 де «Театр өнері» факультетінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «Желтоқсан-86» 35 жылдығына арналған «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы»  атты іс-шара өткізілді.

Онлайн форматта өткен шараның жүргізуші-модераторы «Сахна тілі» кафедрасының профессоры  Бақытжан Турдалиева алғы сөзін бастады.

Кеш аясына шақырылған баяндамашы-қонақтар:

  • ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Өнертану ғылымдарының кандидаты, ВАК профессоры Құлбаев Аман Бекенұлы
  • ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Жаманқұлов Тұңғышбай Қадырұлы
  • Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сахна тілі» кафедрасының доценті Арман Жұмаш
  • Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Сахна тілі» кафедрасының аға оқытушысы Асылбек Ихсанов

Желтоқсан оқиғасын еске алған ұстаздар сол кезеңнін куәгерлері ретінде бастан кешкен жайттарымен бөлісті. Аталмыш шарада «Драма театры және кино артисі» мамандығының 2 курс студенттері желтоқсан толғауларынан тұратын поэзиялық арнауларымен бөлісті. «Музыкалық театр артисі» мамандығының студенттері Нысанбай Бағдат, Әлімжанов Ернар кешті әсем әндерімен жалғастырды.

Өткізілген іс-шараның соңы «Театр өнері» факультетінің деканы, PhD докторы Елік Нұрсұлтанның қорытынды сөзімен аяқталды.

Ұйымдастырушылар: «Театр өнері» факультетінің деканы Е.Нұрсұлтан, Н.Жаманбаева, «Сахна тілі» кафедрасының оқытушылары: Б.Турдалиева, К.Бельжанова, А.Наремгенова, О.Хожамбердиев