• 29.03.2024

14 қазан күні студенттер арасында тартысты дебат турнирі өтті.

Авторkaznai

Oct 15, 2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында 14 қазан күні студенттер арасында тартысты дебат турнирі өтті.

Дебаттың идеясы – жастардың, оның ішінде студенттердің шешендік шеберлігін шыңдау мақсатында ерекше форматтағы пікір-сайыс өткізуден пайда болған. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жастар саясаты мәселелері жөніндегі бөлім бірігіп ұйымдастырған дебаттың тақырыптары «Сыбайлас жемқорлықты жоюға бола ма?», «Вакцина салдыру дұрыс па, әлде бұрыс па?», «Үштілділік-заман талабы» туралы болды. Сайыстың шарты бойынша төртінші тақырып құпия қалып, финалға қарсыластар шыққан сәтте ғана ортаға салынды.

Дебатқа төрелік еткендер: А.Рахимов – «Актер шеберлігі және режиссура» кафедрасының меңгерушісі, Б.Байділдә – «Кесіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы, М.Жақсылықова – «Өнертану» факультетінің деканы және Г.Сеитбекова – заң бөлімінің басшысы.

Шара барысында алғы сөз академия ректорының у.м.а. Шәріпбек Әмірбековке ұсынылды. Өз сөзінде сайысқа қатысушы студенттерге сәттілік тілеп, «Өнер саласында жүрген әр адамның интеллектуалдық деңгейі жоғары болу керек. Осындай пікірталастар студенттер үшін пайдалы. Себебі, бұл форматтағы кездесуде жастардың қарым-қабілеті айқындалады»,-деді Ш.Ағабайұлы.

Сөзжарыстың екінші кезеңінде қатысушылар көрнекі дәрежеде шешендік қабілеттерін және әлем аренасындағы соңғы өзгерістерден хабардар кең ауқымды білімдерін көрсетті. Жас дебатерлар түрлі тақырыпта өзіндік пікірлерін жеке білдіріп, көзқарастарын сенімді қорғады. Дәлелді фактілерді келтіре отырып, ой жүйріктігін көрсетті.

Пікір-сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі ІІІ орынды «Кескіндеме, мүсін және дизайн» мен «Өнертану» факультеттері иеленді. Ал ІІ орынға «Кино және теледидар» факультеті лайықты деп танылды. «Театр өнері» факультетінің жас дебатшылар командасы жеңімпаз атанды. «Сөз сөйлеу жанры артисі» мамандығының 3-курс студенті Ерлан Ерасыл мен «Теледидар режиссурасы» мамандығының 2-курс студенті Тұрапбекова Махаббат өте жақсы ойын көрсетіп, «ең үздік ойыншы» атанды.

Приемная комиссия