• 19.04.2024

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде:

Авторkaznai

Jan 21, 2022

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмалары бойынша зардап шеккен бизнесті қалыпқа келтіру және қаланың одан әрі дамуы жөніндегі Алматы қалалық актив отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің тыныс-тіршілігінің өзекті мәселелерін қарастырды. Актив отырысындағы мәлімдемеде баршамыздың көкейімізде жүрген, бүгінгі күні толғағы жеткен мәселелердің шешімін көрсетіп берді. Алматы тіршілігінің күллі саласын қамтыған әкіміміздің сөзі зардап шеккен Алматы қаласының болашағына деген нық сенім орнатты.


Мәлімдемеге жете құлақ түрдім. «Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлер 3 ай коммуналдық қызмет ақысын төлемейді, Алматыда азық-түлік бағасын негізсіз көтергендерге қатаң шара қолданылады» делінді. Байқасаңыздар, қала біртіндеп қалыпты өмірге оралуда. Біздің ендігі міндетіміз – қала басшысының әрбір сөзін қолдай отырып, олардың мүлтіксіз орындалуына септесу. 


Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде: «Тұрғындарға, бейбіт отбасыларға, бизнеске үлкен залал келтірілді. Қазір үмітсіздікке беріліп, қамығатын уақыт емес. Біз бірлесіп жұмыс жасауымыз қажет», – дегеніндей, біз де өз кезегімізде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарайық. Тіршілік өзінің бейбіт ырғағын қайта тапты. Ұзағынан болсын! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын!


Құрметпен, Бауыржан Байділдә – Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Приемная комиссия