• 17.08.2022

«Ұлы даланың ұлттық тілі»

Авторkaznai

Dec 13, 2021

«Театр өнері» факультетінің 2 курс студенттері ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың  175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлттық тілі»  атты республикалық  форумына қатысты.

9-10 қараша аралығында Алматы қаласындағы республикалық «Достық үйінде» ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Ұлы даланың ұлттық тілі» атты республикалық форум өтті. Форумға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар (16 жастан асқан), «Достық үйінің» этномәдени бірлестіктеріне арналған Қазақ тілі пәнінің оқытушы-практиктері қатысты.

Ісшараның мақсаты: Мемлекеттік тілді Қазақстанның түрлі этностары арасындағы этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттау.  Мемлекеттік тілді меңгеру, олардың тұлғалық өсуінің күшті оң факторына айналған түрлі этностар өкілдерінің жетістіктерін көрсету. Қазіргі жастардың қазақ тілін үйренуге деген құлшынысы мысалында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Форумға Алматы қаласының жастарының атынан  «Жамбыл Жабаев-Ұлы дала абызы» байқауының аймақтық кезеңінің жеңімпаздары «Театр өнері» факультетінің 2 курс студенттері Кравченко Жанна,  Абдуллаев Варисжан қатысты.

Ісшараны ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ.

Форумға қатысушылардың жетекшісі: «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті, Алматы қ. ҚХА  Ғылыми сараптамалық тобының мүшесі  филос. ғ. к. Б. М. Божбанбаев.  

Форумның барлық қатысушыларына «Алғыс хаттар» және бағалы сыйлықтар: «Redmi 9A» маркалы ұялы телефондар берілді.

Приемная комиссия