• 27.01.2022

«Ректор Кубогы» үшін академия студенттері арасында футболдан жарыс өтті .

Авторkaznai

Oct 27, 2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 23 қазан күні «Ректор Кубогы» үшін академия студенттері арасында футболдан жарыс өтті .

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Абзал Қуанышұлы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әлеуметтік жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметінің басшысы Әскербек Әнуар, Әлеуметтік тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлімінің басшысы Нұрлан Сағынаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бөлімінің басшысы Айбек Күмісбековтың ұйымдастыруымен өткен жарыста өнер ордасынан 16 команда бақ сынады. Шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Тартысты турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды «Театр өнері» факультеті, «Драма театры» мамандығының, А.Әшімов шеберханасының 4-курс студенттері иеленді, сондай-ақ, осы факультеттің Р.Машурова шеберханасы бойынша 1-курс студенттері екінші орынға жайғасты. Ал «Кескіндеме, мүсін және дизайн»факультетінің 3-курс студенттері үшінші орынды қанжығасына байлады.

Спорттық іс-шара барлық қатысушыларға жақсы көңіл-күй мен естен кетпес күн сыйлады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы Ректор Кубогымен және мақтау қағаздарымен марапатталды.