• 22.11.2024

«Қазақтың ұлы ойшыл-философтары Абай мен Шәкәрімнің рухани мұраларындағы сабақтастық пен үндестік»

Авторkaznai

Oct 13, 2022

2022 жылдың 12 қазанында, сағат 10.00 Алматы қаласы ҚХА -ның Хатшылығы, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия» кафедрасы, Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен  «Қазақтың ұлы ойшылфилософтары Абай мен Шәкәрімнің рухани мұраларындағы сабақтастық пен үндестік» атты Республикалық шығармашылық конкурс өткізілді.

       Конкурс аралас форматта (online/offline) өткізлді. Онлайн қатысуға арналған платформа Zoom арқылы ұйымдастырылды.

      КОНКУРСТЫҢ  НЕГІЗГІ  БАҒЫТТАРЫ:

  1. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбаев
  2. Абай ілімі және бүгінгі қазақ философиясы
  3. Хәкім Абайдың философиялық мұрасы
  4. Абай шығармаларындағы діни бірегейлік мәселелері
  5. Құдайбердіұлы Шәкәрім – ағартушы, ақын, жазушы, аудармашы, сазгер, тарихшы және философ
  6. Шәкәрім Құдайбердіұлы мұраларындағы әлеуметтік-тәлімдік ойлар жүйе
  • Өткізілген уақыты: 12 қазан 2022 жыл, сағат 10.00 
  • Өткізілген орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия және саясаттану» ф-ті, 123 ауд
  • Конкурстың жұмыс тілдері: қазақ, орыс

Өткізу формасы: Аралас форматта (online/offline), платформа Zoom. https://zoom.us/j/8970450347?pwd=QUt6VldTaXhqU2Z1WmhhMTVKZHQvUT09

  • Идентификатор конференции: 897 045 0347
  • Код доступа: 5555
  • Ісшарада: Республика бойынша 10 университеттің студенттері(online/offline) баяндама жасады.

Ісшараға жауаптылар:

Т.Қ.Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының  доценті  Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия» кафедрасының оқытушысы Казиева Жадыра Нурганатовна

Ісшараға қатысқандар:«Филия» Қазақстанның грек қоғамдары қауымдастығының президенті Георгий Константинович Иорданиди, «Ырныхас» Осетин мәдени-ағарту орталығының төрағасы Мамсуров Қазбек Владимирович, Алматы қаласындағы ҚХА  Ғылыми сараптамалық тобының мүшесі, Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия»  кафедрасының меңгерушісі Құранбек Әсет Абайұлы, профессоры филос.ғ.д., проф. Ғабитов Тұрсын Хафизұлы, оқытушы Казиева Жадыра Нұрғанатқызы.

         Конкурсқа студенттер (online/offline) түрінде қатысты. Конкурс тек баяндамадан ғана тұрмады, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері іс-шарада Шығармашылық туындыларындарын конкурсқа қатысушыларға сыйлады. 

          Хамидулла Шерхан домбыра сүйемелдеуімен Шәкәрімнің әнін орындаса Мырзагелді Гүлжан  домбыра сүйемелдеуімен  Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындады

         Абай өлеңдерінен поэтикалық компазициясын  орындағандар:Курбанкулова Гүлназа, Хайыржанова Баянсұлу, Раш Алтынбек, Абдрахманов Бауыржан, Ерлан Ерасыл, Омар Архимед, Барысұлы Игісәт.    

        Халық әндері мен күйлері:Танатарова Айбике және Утемуратов Жасулан- Халық әні «Бипылды» орынадады. «Күй шашуды» Үмбетжан Тимур, Еркінұлы Марқа, Пазылов Құрман, Сұлтанқұл Сұңқар, Муратов Асқар орындады:  .

      Өнер көрсеткен студенттерге  Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығының атынан алғыс хаттар берілді.

 Конкурстың нәтижесі бойынша:

 1 дәрежелі дипломмен марапатталды:

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия мамандығының  2 курс студенті Орынбасарова Анель (ғылыми жетекшісі Ғабитов Т.Х) және Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА  2 курс студенті  Хамидулла Шерхан Асхатұлына (ғылыми жетекшісі Б.М. Божбанбаев) берілді.

  • дәрежелі дипломмен марапатталды:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия мамандығының 1 курс студенті Батырхан Қарақат (ғылыми жетекшісі Ә.А. Құранбек) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия мамандығының 1 курс студенті Сәнай Айғақ (ғылыми жетекшісі Ж.Н. Казиева)

  • дәрежелі дипломмен  марапатталды:

 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия мамандығының 2 курс студенті Сері Аяулым    (ғылыми жетекшісі Т.Х. Ғабитов) жәнеТ. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА  2 курс студенті Нұрболат Ақбота Нұрболатқызы (ғылыми жетекшісі Б.М. Божбанбаев)

Алғыс хаттармен марапатталды:

  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия мамандығының 4 курс студенті Сафар Аруна. Баяндама тақырыбы: «Абай мен Шәкәрім шығармашлығындағы рухани құндылықтар сабақтастығы»
  2. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия мамандығының 2 курс студенті Жәнібек Мейіржан. Баяндама тақырыбы:  «Абай қазақ қоғамының сыншысы»
  3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия мамандығының 2 курс студенті Бахыбек Айым. Баяндама тақырыбы:  «Шәкәрімнің философиялық лирикасы»
Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА  2 курс студенті  Бегалы Тоғжан  Мұратқызы.  Баяндама                                                     тақырыбы:  «Абай Кунанбаев о проблеме нравственного воспитания молодежи».Т. Қ. Жүргенов ҚазҰӨА  2 курс студенті Толегенова Камила Алмасовна.   Баяндама  тақырыбы:    «Проблемы религиозной идентичности в произведениях Абая»
  • Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 1 курс студенті Рысмет Мәди Ильясұлы. Баяндама тақырыбы:«Ұлы Абайдың дүниетанымдық көзқарастары»
  • Алматы гуманитары-экономикалық университетінің 4 курс студенті Нұрасилова Шынар Бауыржанқызы.  Баяндама тақырыбы:    «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі»
  • Алматы гуманитары-экономикалық университетінің 1- курс магистранты Муратбеков Мағжан Бауыржанулы. Баяндама тақырыбы:  : «Абай как великий казахский поэт и мыслитель».
  • Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының 2 курс студенті Келдыбек Анара Бахткызы. Баяндама тақырыбы:«ҚАЗАҚ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНІҢ АБАЙ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ» .
  • Каспий қоғамдық университетіндегі гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің 2-курс студенті Абай Жансая Ерланқызы. Баяндама тақырыбы:     «Современный взгляд на творчество Абая»
  • Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің   4-курс студенті  Бегимбаева Ботакоз Ерликхановна Баяндама тақырыбы: «Абай өлеңдеріндегі эстетикалық дүниетаным»
  • Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  3-курс студенті Оразаева Айгерім Берикқызы. Баяндама тақырыбы: «Ойшыл Шәкәрімнің Ар ілімі мен оның бүгінгі көрініс алуы»
  • «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ  3-курс студенті Қайрат Айдос Қайратұлы.Баяндама тақырыбы: «Шәкәрімнің әлеуметтік – саяси көзқарастары»
  • Алматы Менеджмент Университетінің 3-курс студенті Мұратбекова Әйгерім Бауыржанқызы. Баяндама тақырыбы: «Наследие Абая в мировом культурном пространстве»
  • Азаматтық авиация академиясының 1-курс студенті Әбілқасым Саяжан Маратқызы.Баяндама тақырыбы: «Шәкәрім  Құдайбердіұлы  мұраларындағы  әлеуметтік-тәлімдік ойлар».

Барлық ұйымдастырушыларға  Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығының атынан алғыс хаттар берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия