Бір ән салайын байқауының ережесі
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлімі мен Студенттік Парламенттің ұйымдастыруымен «Бір ән салайын» вокалдық байқауы өтеді. Байқауға академияның барлық факультеттері мен кафедраларының студенттері қатыса алады.
Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңі 2025 жылғы 17 наурызда оқу театрында өтеді және сағат 12:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады. Іріктеу кезеңінде кез келген қатысушы өзі таңдаған әнді орындай алады. Барлық қатысамын деген студенттерге есігіміз ашық!
Байқаудың мақсаты:
1. Академия студенттерінің рухани-мәдени және шығармашылық өміріне серпін беріп, өнердің дамуына үлес қосу.
2. Ән әлеміндегі жаңа дарындарға мүмкіндік беру және олардың танылуына жол ашу.
3. Эстрада мамандығының студенттері мен басқа факультеттердің студенттері арасында шығармашылық ынтымақтастық орнату.
Байқаудың өтетін күндері:
Іріктеу кезеңі: 17.03.2025 (Оқу театрында, 12:00-19:00)
Қатысушылардың фотосессиясы: 31.03.2025
I кезең: 17.04.2025
II кезең және супер-финал: 24.04.2025

Қазылар алқасы:
Рымбаева Роза – Қазақстанның Халық артисі
Көкеев Ерлан – ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері
Жеңіс Сейдуллаұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері
Есебаев Бауыржан – композитор
Жұбан Ерназар – «Жас қанат» және Витебсктегі «Славян базары» байқауларының жеңімпазы
Төленов Ерік (Kyle Ruh) – әнші
Бекболат Аружан – «Музыкалық өнер» факультетінің 1-курс магистранты (Эстрада өнері)
Байланыс телефондары:
- 8 (707) 227-42-45
- 8 (708) 573-14-45
- 8 (708) 223-47-94
Өтетін орны: Оқу театры
Мекенжайы: Алматы қ., Панфилов көшесі, 127