• 25.05.2022

«Дайындық кезеңіндегі кинооператордың жұмысы» атты шеберлік сағаты өтті.

Авторkaznai

Feb 26, 2022

Бүгін Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалында елімізге белгілі оператор Азамат Дулатовтың «Дайындық кезеңіндегі кинооператордың жұмысы» атты шеберлік сағаты өтті. 

Азамат Дулатов – академияның түлегі, көптеген жүлделер мен марапаттардың иегері. Олардың қатарында: «Үздік оператор» сыйлығы – киносыншылардың таңдауы 2016 жыл; «Кулачное» фильмі үшін жүлде – 2018 жылғы үздік кинооператор; Ұлттық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы – «Она» фильмі үшін үздік оператор жүлдесі; Алатау фестивалі-Үздік операторлық жұмыс – «Лифт» фильмі (2018); Лос-Анджелестегі LA Genre celebration festival best cinematography 2018 – Үздік кинооператор. 

Шара ұйымдастырушылары: «Кино және ТВ» факультеті, «Дыбыс режиссурасы» және «Операторлық өнер» кафедралары.

Приемная комиссия