• 25.12.2024

2023 жылдың 26 ​​сәуірінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында волонтерлік экологиялық қозғалыс аясында доцент Сарсембаева Аида Жагфаровна «Экология – жастар ісі» атты тәрбиелік іс-шарасын өткізді.

Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру туралы көп айтылып жүр. Маңызды мәселелердің бірі – туған қаланы көгалдандыру.

«Кескіндеме, дизайн және мүсін» факультетінің студенттері Алматыдағы Ботаника саябағының сәндік гүлзарларын көркейтуге жан-жақты көмек көрсетуге ниет білдірді. Ботаника және фитоинтродукция институтының жетекші ғылыми қызметкері В.А. Самойлованың айтуынша, студенттердің еңбегі зор. Біздің студенттер гүлзарларды өткен жылғы құрғақ өсімдіктерден тазартып, гүлдердің тұқымдарын егу үшін топырақ дайындап, күнбағыс пен тб. бірнеше гүлдің сорттары егіп, бұрын отырғызылған өсімдіктердің барлығын суарды.

Шараға дайындық барысында «Зергерлік өнер» мамандығының студенттері Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының логотипі бейнеленген жезден төсбелгілер жасаса, «Ландшафтық дизайн» тобының студенттері болашақ мамандықтарын түсінуде үлкен тәжірибе жинақтай алды. «Еңбектің наны тәтті» дегендей, студенттер маңызды жұмыстан кейін  Ботаникалық баққа экскурсия жасап, көңілдерін көтеріп қайтты.

Ботаника және фитоинтродукция институтының басшылығы Академиямызға үлкен алғысын білдіріп, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия