2025 жылғы 15 наурызда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Театр өнері факультетінің ұйымдастыруымен талапкерлерге арналған IV Республикалық «Infinity» байқауы өтті. Бұл өнер додасы – еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас таланттардың кәсіби деңгейін сынап, театр өнері саласындағы үздіктерді анықтауға арналған беделді байқау.
Конкурсқа қатысу үшін талапкерлер онлайн іріктеуден өтіп, нәтижесінде 42 жас өнерпаз Академия қабырғасында өз шеберліктерін көрсету мүмкіндігіне ие болды. Байқау барысында үміткерлер актерлік шеберлік, сахналық сөйлеу, қозғалыс және вокал бағыттары бойынша бақ сынады.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, олар жүлделі орындармен марапатталды.
Жеңімпаздар тізімі:
Музыкалық театр артисі білім беру бағдарламасы бойынша:
- 1 орын – Шрайденов Жанболат Маратұлы
- 2 орын – Каримова Мәдина Мерекеқызы
- 2 орын – Әбдіразақ Ұлжалғас Орынбасарқызы
- 3 орын – Амангелді Алматбек Абзатбекұлы
- 3 орын – Ерлан Аиша Дәуренқызы
- 3 орын – Азат Нұрасыл Ақылтайұлы




Драма театры және кино артисі білім беру бағдарламасы бойынша:
- 1 орын – Ибраев Рамазан Рустамбекович
- 2 орын – Бақтыбай Ботагөз Көпжасарқызы
- 2 орын – Ғалымжанқызы Аида
- 3 орын – Амалбек Алихан Ғалымұлы
- 3 орын – Қайрат Асанәлі
- 3 орын – Ақберді Айкен Ғаниқызы
Бұл байқау жас өнерпаздарға өз таланттарын көрсетуге және болашақ кәсіби мансаптарына алғашқы қадам жасауға тамаша мүмкіндік берді. Қатысушылар кәсіби мамандардың бағалауын алып қана қоймай, өнер әлеміндегі жаңа тәжірибе жинақтады.
Қазақ ұлттық өнер академиясы болашақта да осындай дарынды жастарды қолдау және дамыту мақсатында түрлі шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыратын болады. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!



