14 наурыз – Көрісу күні
10:00 – Онкүндіктің ашылуы. Ұлттық киімдер мен кілемдердің көрмесі (фойе)
11:00 – «Мың алғыс…» кураторлық сағаттар
14:00 – Ұлттық киімдер дефилесі – академияның сән және костюм дизайны мамандығы студенттері дайындаған коллекциялардың көрсетілімі (фойе)
15 наурыз – Қайырылымдылық күні
11:00 – «Наурыз ART-Battle» – жас суретшілер сайысы
17 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
10:00 – «Nauryz Quiz» – Ұлттық мәдениеттегі заманауи трендтер панелі(кітапхана)
13:00 – Ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі
14:00 – Қолөнер шеберлік сабақтары – киіз басу, зергерлік өнер, ағаш ою, ұлттық ою-өрнектермен жұмыс жасау (фойе)
18 наурыз – Ұлттық киім күні
11:00 – «Ұлттық киімнің тарихы» тақырыбында дәріс (кинозал)
14:00 – Қазақ ұлттық кинематографындағы Наурыз тақырыбына арналған фильмдер көрсетілімі (кинозал)
19 наурыз – Ұлттық ойындар күні
11:00 – Спорттық жарыстар мен ойындар: «Асық ату», «Кір көтеру»
13:30 – ЖОО студенттері арасында «Тоғызқұмалақ» ойынынан турнир
20 наурыз – Тазару
14:00 – «Тазалық эстафетасы» Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат, жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция Күн райының ыңғайына қарай осы күні ағаш отырғызу, су көздерін ашу, ауланы қардан тазалау, қоршаған ортаға қамқорлық танытып, тазалық жұмыстарына көңіл бөлінеді
11:00 – “Наурызнама: дәстүр және жаңашылдық сабақтастығы” дөңгелек үстелі (кітапхана)
15:00 – Қорытынды марапаттау рәсімі