• 23.12.2024

«Қазақстан мен Орта Азиядағы білім, ғылым және мәдениеттің дамуындағы Т.Жүргеновтің ролі»

Авторkaznai

Mar 13, 2023

Темірбек ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР КафедраСЫ

МИРЗО ҰЛЫҚБЕК АТЫНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ ОРЫС ТІЛІ КАФЕДРАСЫ

Әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті

А Қ П А Р А Т Т Ы Қ   Х А Т

Құрметті әріптестер, жас ғалымдар, студенттер!

ТҮРКСОЙ компаниясы Тұрақты кеңесінің XXXIX мәжілісінің шешімімен 2023 жыл – түркітілді елдерде Темірбек Жүргенов Жылы болып жарияланды. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті бірлесе отырып, 2023 жылы 12 сәуірде, сағат 10:00-де Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Қазақстан мен Орта Азиядағы білім, ғылым және мәдениеттің дамуындағы Т.Жүргеновтің ролі» атты жас ғалымдар мен студенттердің IV Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Ірі мемлекет және қоғам қайраткері, публицист, аудармашы, Қазақстан мен Орталық Азияның оқу-ағартуы мен ғылымының дамуына орасан зор үлес қосқан әрі ХХ ғасыр басындағы халқымыздың мәдени жаңғыруының идеологі – Темірбек Қараұлы Жүргеновтің (1898-1938) өмірі мен қызметін үлгі-өнеге ете отырып, қазақстандық жастардың өзіндік танымы мен ұлтжандылығын, азаматтық көзқарасын қалыптастыру, Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық ғылымдар мен өнер саласындағы өзекті мәселелер бойынша заманауи ғылыми және тәжірибелік ақпаратпен алмасу.

IV Халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның өтетін орны: Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сы, Кинозал. Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127, 2023 жылдың 12 сәуірі, басталуы сағ.10.00.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1. «Темір нарком» атанған Т.Жүргеновтің тұлғалық қырлары: қоғам қайраткері, ғалым, публицист, аудармашы, қазақ мәдениетінің білгірі, дарынды ұйымдастырушы.

2. «Ғылым мен өнер: өткенді сақтай отырып, болашақты жасаймыз».

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жас оқытушыларын, докторанттар, магистранттар мен студенттерді конференцияға қатысуға шақырамыз.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2023 жылдың  25 наурызына дейін.

Қатысу форматы офлайн және онлайн ZOOM платформасында өтеді.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ және орыс.

Конференцияға басқа қаладан  қатысушылардың барлық шығындары жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.

Конференцияға қатысуға өтінім (үлгісі қоса беріліп отыр) мен мақала мәтінінің толық нұсқасын (файл атауы автор аты-жөнімен жазылу керек) 2023 жылдың 25 наурызына дейін ұйымдастыру алқасының kaznai.conf@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

№1 секция «Темір нарком» атанған Т.Жүргеновтің тұлғалық қырлары: қоғам қайраткері, ғалым, публицист, аудармашы, қазақ мәдениетінің білгірі, дарынды ұйымдастырушы» бойынша баяндама материалдарын жинауға жауапты тұлға «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценты, ф.ғ.к. Сарсембаева Аида Жагфаровна тел. +7 777 283 77 99.

№2 секция бойынша «Ғылым мен өнер: өткенді сақтай отырып, болашақты жасаймыз» «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценты, PhD Амангелдиева Гүлмира Амангелдықызы тел. +7 701 316 49 33.

Мақаланы рәсімдеуде авторлардан төмендегі талаптарды жетекшілікке алуын сұраймыз.

  1. Мәтінге көрсетілген талаптарды орындаңыз. Баяндама мәтінінің электрондық нұсқасын ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ұйымдастыру комитеті баяндаманы жариялаудан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.
  2. Көлемі- Microsoft Word редакторында 5 бетке дейін. Шрифт: түрі – Times New Roman, өлшемі – 12, бір жол аралығы; абзац – 1,25 см, абзац шегінісі автоматты түрде орнатылады. Шеттері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол – 2 см, оң – 2 см. Баяндама тақырыбы бас әріптермен, қою шрифтпен, ортасына тураланған. Төменде бір шегініс, оң жақ жиегі бойынша: автордың толық аты-жөні – курсивпен, қою шрифтпен (әр автор үшін – алдымен тегі, бос орын, содан кейін бас әріптер). Келесі жолда симметриялы түрде оң жақ жиегі бойынша курсивпен, қою шрифт – ұйымның атауы, қаланы көрсетіңіз. Келесі жолда симметриялы түрде оң жақ жиегі бойынша – ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, қызметі, аты-жөні – курсивпен қою шрифтпен көрсетіледі.
  3. Мәтінде келтірілген дереккөздер төртбұрышты жақшалармен белгіленеді, оларда тізімге сәйкес дереккөздің реттік нөмірі және үтірмен бөлінген бет нөмірі көрсетіледі, мысалы: [4, 89 б.], яғни [дереккөз, бет]. Келтірілген дереккөздер бойынша пайдаланылған әдебиеттер тізімінің болуы міндетті болып табылады. Тізім мәтіннің соңында орналасады және бос жолмен бөлінеді. Тізімдегі дерек көздер мәтінде көрсетілгендей көрсетіледі.

Үздік баяндамалар арнайы дипломдармен марапатталады. Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.

Ұйымдастыру комитеті мақала жариялауда материалдарды таңдау құқығына ие. Көрсетілген уақыттан кешіктіріп жіберілген және талаптарға сай жазылмаған мақалалар қаралмайды, сонымен қатар авторға қайтарылмайды. Мақалалардың ғылыми мазмұнына, стилистикасы, грамматикасы мен пунктуациясына автор өзі жауапты.

Жинақ тегін жарияланады. Сертификат үшін (қажеттілігіне қарай) ұйымдастыру жарнасы алынады және бағасы жайлы қосымша хабарланады.

Тексеруден өткен ғылыми мақалалар конференция материалдары жинағы болып PDF форматта ISBN-мен жарияланады

Безендіру үлгісі:

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МӘСЕЛЕСІ

Ахметова А.Ш.  

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Алматы

ғылыми жетекші – философия ғ.к., доцент Жапарова Б.К.

Аңдатпа

Мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін мәтін

Әдебиеттер тізімі:

  1. Нұрмағанбетова Р.Қ. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы. 2-том. А.: Фолиант, 2017. – 416 б.
  2. Телжанов Қ. Өмір жолында – На жизненном пути – On life journey. Алматы, 2018. – 296 б.

Қатысушы өтінімі

Аты-жөні (толығымен) 
Ел   
ЖОО атауы 
Қала 
Байланыс телефондары 
Электронды пошта (e-mail) 
Мақала тақырыбы 
Секция   
Қатысу форматы: Онлайн/офлайн 1. баяндамашы 2. тыңдарман 3. конференция жинағына мақала беру 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия