• 22.12.2024

«Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен 1-4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Авторkaznai

Jun 9, 2023

2023 жылдың 8-ші маусымында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында профессор James Hyung SukKim «Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасының оқытушылары мен 1-4 курс студенттерімен кездесу өткізді.

James Hyung Suk Kim– ШанхайУниверситетінің құрамына кіретін «Интермарк» Халықаралық дизайн институтының деканы;  белгілі бренд-дизайнер; маркетолог;  Pizza Hut, Inisfree, Hera, Sulwhasoo, Domino Pizza, IPKN және т.б. брендтерді құрушы; Оңтүстік Кореяның ұлттық брендтерді дамыту мәселелері жөніндегі президенттің  кеңесшісі.

Профессор Джеймс Киммен сұхбаттасу барысына академияның оқу және оқу- әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Әмірбеков Ш.А., «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің деканы Байдилда Б.Н., сыртқы байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімінің жетекшісі Далиева Ж.А.  қатысты.

Кездесуде профессор Ким «Интермарк» институтының оқытушылары мен студенттерінің бүкіл әлемге танымал фирмалардың тапсырысы бойынша жасаған жұмыстарын көрсетті.

Кездесу жоғарыда аталған екі ЖОО арасындағы өзара ынтымақтастық пен бірлескен жобалар  орнату аясында өткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия