• 29.03.2024

2022 жылдың ақпан айының 24 күні Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Құқықтану бойынша тақырыптарды зерделеу кезінде әлемдік практиканы ескере отырып, қазіргі заманғы үрдістерді жүргізу бойынша академияда және колледжде гуманитарлық және әлеуметтік пәндері бойынша оқу және білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзектендіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинардың мақсаты экономикалық, саяси және мәдени жаһандану жағдайында студент жастардың құқықтық тәрбиесінің қазіргі әлемдегі рөлін зерттеу.

Оқу орындарында құқықтық тәрбиені ұйымдастырумен байланысты проблемалар өзекті болып табылады. Өйткені, олардың теориялық, құқықтық және тәжірибелік шешілуі құқық беделін көтеруге және жастарды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге, азаматтық және құқықтық белсенділікті дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар:

  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы
  • Академияның заң бөлімі

Семинарға қатысушылар:

  • «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 2 курс студенттері.

Баяндамашы:

  • «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Тәуенов Қанатбек Ерғазыұлы
Приемная комиссия