• 29.03.2024

Тәрбиелік шара «Халық ағарту комиссары – Темірбек Қараұлы Жүргенов»

Авторkaznai

Apr 28, 2022

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы

Тәрбиелік шара «Халық ағарту комиссары – Темірбек Қараұлы Жүргенов»

Суретке сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1m0r276FylBowrLS0DWOspLMAEjMYBqq0?usp=sharing

Тәрбиелік шараны ұйымдастырушылар:

  • проф. ШАЙМЕРДЕНОВА Мендыганым Джамалбековна
  • доцент САДЫКОВА Айгуль Егинбаевна
  • доцент НУРМУХАМБЕТОВ Ардак Амангельдыевич

2022 жылдың 27 сәуірінде «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары «Кино және ТД», «ДИД», «ЖИС» факультеттерінің қазақ және орыс бөлімдерінің 1 курс студенттерімен «Халық ағарту комиссары – Темірбек Қараұлы Жүргенов» атты тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның негіздемесі мен мақсаттары:

      Т.Қ. Жүргеновтің туғанына 125 жыл толуына орай дайындық шеңберінде кеңестік жүйенің тоталитарлық жүйесі кезеңіндегі Қазақстан тарихын қайта ойластыру, тарихтың архив қорында, мәдениетте, өнерде, әдебиетте көрініс табуы жаңа тұжырымдамалық тұрғыдан жүргізілуде. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы қазақ зиялыларының өмірбаяны мен қызметінің беттерін ашып, тарихтағы тұлғаның рөлі жаңаша қарастырылуда.

1989 жылы Халық ағарту комиссары және өнер істері жөніндегі комитеттің басшысы болып, қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуына үлкен үлес қосқан Темірбек Қараұлы Жүргеновтың есімі Алматы театр-көркемсурет институтына берілді. Бірінші курс студенттері Т. Жүргенов туралы көбірек білуге тырысады, сондықтан оқытушы-тарихшылар ҚР ОМ, ҚР ПА сынды бірегей мұрағат материалдарын және архив қорынан алынған деректі фильмді көруді ұйымдастырды.  

Міндеттері:

  1. Саналы ғұмырын жаңа қоғамның құрылысына арнаған қазақ зиялылары тобының өкілі Т.Қ. Жүргеновтің өмірі мен қызметін терең зерттеу.
  2. Халық ағарту комиссары Т. Жүргеновтің қызметі туралы құжаттық архив материалдары ұсынылған Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары архиві және ҚР Президентінің Архивіндегі ашық оп-line режимінде қолжетімді құжаттары кеңінен пайдалану.
  3. Патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, жастардың мәдениет саласындағы шығармашылық, рухани және зияткерлік әлеуетінің мүмкіндіктерін ашу.

Іс-шарада 1936 жылғы Архивтік деректі фильм – «Алжир» деректі фильмі және 1933-1937 жылдардағы Т. Жүргеновтың ғылыми кітаптары мен мақалаларының фото-слайдтары көрсетілді

Студенттер баяндама дайндады:

1. Волков А. – «Вклад Т.К.Жургенова в культурное и образовательное развитие страны на заре становления СССР»

2. Бектемирова Айнур – « Реабилитированное имя – Темирбек Жургенов» Қаралған материалдарды талқылау және сұрақтар

Приемная комиссия