• 26.12.2024

«Түркі әлемі және Қазақстан» тақырыбында «Кескіндеме, мүсін және дизайн»

Авторkaznai

Feb 24, 2023

23.02.23 ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен ғылым апталығы аясында әлеуметтану пәні бойынша аға оқытушы Жұмағұлов Мейірбек Оңғарұлының жетекшілігімен «Түркі әлемі және Қазақстан» тақырыбында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 2 курс студенттерімен «Әлеуметтік Start Up» форматында іс-шара өткізілді.

Іс-шара мақсаты – Студенттердің ғылыми әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін ашу, түркілік құндылықтарды студенттер бойына сіңіру және қоғамдағы әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуде белсенді болуға баулу!

Іс-шараға 7 команда қатысты. Атап айтқанда «Сана», «Қиял», «Мейірімділік», «Жалын», «Бике» және т.б топтар «Түркі елдеріндегі қарттарға көмек», «Түркі әлемінің жастары», «Түркі әлеміндегі әйелдер мәселесі» сияқты  әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды қозғады.

Start Up қорғау барысында:

  • «Ең үздік әлеуметтік мәселе»   Бике
  • «Ең үздік қорғалым»                Болашақ

Номинациялар бойынша марапатталды.

Іс-шараны қорытындылаған «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Алимжанова А.Ш жоғары деңгейде өткенін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия