• 19.04.2024

«Орыс тілі – мәдениетаралық қатынас кілті» атты воркшоп өткізілді.

Авторkaznai

Oct 20, 2021

Тілдер апталығы аясында 2021 жылдың 19 қазанында « Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар»  кафедрасы «Орыс тілі – мәдениетаралық қатынас кілті» атты воркшоп  өткізді. Воркшоптың мақсаты-орыс тілін үйренуге деген ынтаны арттыру, ұлтаралық қатынастар мен мәдени өзара байытудың негізі ретінде көптілділікті кеңейту және тереңдету, әртүрлі елдердің студент жастарының сындарлы қарым-қатынасын құру үшін кеңістік құру. Аталған шараға  Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Театр өнері» және «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеттерінің 1-курс студенттері,  Ташкент қаласының  И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай мен газ университетінің (филиалы), Ташкент мемлекеттік заң  университетінің студенттері мен оқытушылары қатысты.

Студенттер Қазақстан, Өзбекстан және басқа посткеңестік мемлекеттердегі орыс тілінің орны мен рөлі жайлы баяндамаларымен ойларын жеткізді.

Шетелдік қонақтар Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының басшылығына оқытушылары мен студенттеріне пікір және ақпарат алмасатын алаң ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар орыс тілін оқытудағы өзекті мәселелерді талқылау мақсатында әрі қарай ынтымақтастықты  жалғастыруға ниет білдірді.

Приемная комиссия