Close
23.04.2019

РОӘК оқу-әдістемелік бірлестігі

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы базасындағы ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ қызметінің негізгі бағыттары

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы базасындағы ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ қызметінің негізгі бағыттары төмендегідей:

*Өнер мамандықтары бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік жұмысын үйлестіру және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

*Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықтар мен білім беру бағдарламаларының тізбесі бойынша ұсынымдар дайындау;

*Жаңа мамандықтардың ашылуына қатысу;

*Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА базасында ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының топтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру;

*Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА базасында ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын әзірлеу және бекіту;

*ЖОО-ларды міндетті компонент пәндерінің үлгілік оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету;

*Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА базасында ҚР БҒМ РОӘК ОӘБ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту және жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;

*Өнер мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының қолжазбаларын рецензиялау;

*Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін оқулықтардың, оның ішінде ҚР БҒМ грифі бар оқу құралдарының, сондай-ақ оқу әдебиеттерінің, оқу процесінде пайдалануға рұқсат етілген оқу құралдарының тізбесін қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

*Оқулықтарды, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік әзірлемелерді (ұсынымдарды, нұсқауларды, құралдарды және т. б.) басып шығаруға ұсынымдар туралы шешімдерді қарау және қабылдау.);

*Оқу процесін жетілдіру, озық тәжірибені тарату, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру проблемалары бойынша конференциялар, семинарлар мен кеңестер ұйымдастыруға қатысу жөнінде ұсынымдар әзірлеу;

*Жоғары білім мәселелері бойынша құжаттардың жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу.