Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Almaty Gallery көрме залында Байқоңыр айлағының 70 жылдығына арналған «06+ BAIQONYR – Ой кеңістігі» көрмесі өткізілді. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері, магистранттары мен түлектері ұйымдастырған шара соңында талқылау мен марапаттау рәсімі өтті.
Жеңімпаздар:
- – «Ең үздік композиция және тақырыптың ашылуы» – Аяжан Мадый (марапаты – ЮНЕСКО атынан)
- – «Ұлттық колоритті ең жақсы бейнелеу» – Тастанбек Жарқын
- – «Үздік түстік шешім» – Жарқын Үкілай
- – «Ғарыштың ең жақсы стилизациясы» – Кульчинбаева Кьяра
- – «Ең үздік композициялық шешім» – Ниязалиева Адема
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!



