2024 жылдың 25 желтоқсаны күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына қарасты 8D021-Өнер Диссертациялық кеңесінде Абельдинов Адай Кунанбаевичтің докторлық диссертация қорғауы өтті.
Диссертация тақырыбы: «Әлемдік контекстегі қазақ анимациялық кәсіби мектебінің даму перспективалары»
- Мамандығы: «6D041600 – Өнертану»
- Қорғау күні, уақыты: 25 желтоқсан, 2024 жыл, сағат 11:00
- Диссертациялық жұмыс тілі: Қазақ тілі
- Кафедра: «Кино тарихы мен теориясы»
Ғылыми кеңесшілер:
Сова Роберт – PhD докторы, Ян Матейко атындағы Краков көркем өнер академиясының профессоры (Краков қ., Польша);
Айдар Алма Мұратқызы – PhD докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті.
Ресми рецензенттер:
Ергебеков Молдияр Амангелдіұлы – PhD докторы, Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Журналистика» қауымдастырылған профессоры;
Туякбаева Айгуль Шаймуратовна – PhD докторы, Алматы экономикалық-гуманитарлық университетінің «Дизайн» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Қорғау барысында диссертацияның зерттеу нәтижелері жоғары бағаланып, жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы атап өтілді. 8D021-Өнер Диссертациялық кеңесі бірауыздан Абельдинов Адай Кунанбаевичке «6D041600 Өнертану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұжымы Абельдинов Адай Кунанбаевичті философия докторы (PhD) дәрежесінің иеленуімен құттықтай отырып, болашақ зерттеулеріне табыс тілейді!