Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы – Нурмагамбетова Айдана Ақзатқызы жүргізді.
Спикер өз баяндамасында студенттердің құқықтық сауатын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелерін көтерді.
Тек теориялық біліммен шектелмей, студенттерге тақырыптың ауқымын тереңірек ұғындыру мақсатында арнайы дайындалған қысқаметражды фильмдер көрсетілді.
Бұл маңызды іс-шара Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлім мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бас әкімші Саламат Қанатовтың бастамасымен жүзеге асты.








