«АМАНАТ» партиясы арқылы президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы (РҚШ) мүшелерінің сайлаушылармен кездесуі
2022 жылғы 15 қарашада Әлеуметтік қызметтер үйінде Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының (РҚШ) мүшелерінің «AMANAT» партиясы желісі бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚХА Ғылыми – сараптамалық кеңесінің, ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшелерімен, Этномәдени бірлестіктердің басшыларымен және мүшелерімен, шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өтті.
Қала жұртшылығымен кездесуде бас спикерлер болды:
- ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, «АМАНАТ» партиясының төрағасы
- ӘУБӘКІРОВ Тоқтар Оңғарбайұлы – Қазақстандық ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы;
- ЕРТІСБАЕВ Ермұхамет Қабидинұлы – Қазақстан Халықтық партиясының төрағасы;
- ПЕРУАШЕВ Азат Тұрлыбекұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы;
- ЖҰМАҒҰЛОВ Бақытжан Тұрсынұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
- РЫМБАЕВА Роза Қуанышқызы – Қазақстан эстрадасының әншісі, ұстаз
Спикерлер арасында:
МУРАДОВ Ахмет Сейдарахманұлы – «Вайнах» Қазақстан шешендері мен ингуштар қауымдастығының тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі;
Кан Георгий Васильевич – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Алматы корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары;
Лукашёв Всеволод Анатольевич – «Қазақстан орыс мәдени орталығы» қоғамдық ұйымының жетекшісі және т.б.
Сайлаушылармен кездесуде сайлау науқаны басталғаннан бері еліміздің барлық өңірлерінде 20 мыңнан астам үгіт-насихат іс-шаралары өткендігі атап өтілді. Кездесуде ел Президентінің 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» атты халыққа Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру мәселелері және оларды іске асыру Тәуелсіз Қазақстанның саяси дамуының жаңа кезеңі болып табылатыны талқыланды.
Республикалық қоғамдық штаб мүшелері кандидат – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Саяси өзгерістерге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған сайлауалды бағдарламасының блогына көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ, тарихи мұраны сақтау, мәдениетті, ғылымды және білім беруді қолдау мәселелері көтерілді. Қоғамдық штаб мүшелері кандидаттың Қазақстанның барлық азаматтарының өзін-өзі толыққанды жүзеге асыруы үшін тең әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі сайлауалды бастамаларына; еліміз үшін жаңа тарихи кезеңнің, жаңа Қазақстанның құрылыс кезеңінің басталуына назар аударды. Азаматтардың құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кездесуге ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор, ХАА (халықаралық ақпараттандыру академиясы) академигі – Шаймерденова Меңдіғаным Джамалбекқызы қатысты.