Altel компаниясы өз туған күніне орай атап өткен “Ашық Аспан 2024” фестиваліне Қазақстанның түрлі қалаларынан, соның ішінде Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент, Қарағанды, Павлодар және Петропавл қалаларынан 30 суретші көрермендердің көз алдында бірегей арт-нысандар жасады.
Аталмыш фестивальге “Дизайн”кафедрасының аға оқытушысы Арыстанбек Шалбаев та қатысты. Өз жұмыстарының бірінде ұстазымыз Байқоңыр қаласына ерекше назар аударып, оның ғарыштық маңыздылығын ғана емес, сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік сын-қатерлер сияқты қала алдында тұрған проблемаларды да көрсетті.
Ол өзінің заманауи өнер туралы терең түсінігін және мәдени диалогты дамытуға деген ұмтылысын бейнелейтін туындыларын ұсынды. Арыстанбек Шалбаев өзінің дизайнерлік шешімдерін көрсетіп қана қоймай, қатысушыларға шеберлік сабақ өткізді
Оның “Ашық Аспан 2024” фестиваліне қосқан үлесі зор. Арыстанбек Шалбаевтың бірлік пен шығармашылықтың символикасына толы еңбектері кәсіпқойлардың да, өнер сүйер қауымның да назарын аударды. Бұл осындай ірі мәдени іс-шараларға белсенді қатысатын “Дизайн” кафедрасының студенттері мен оқытушыларын даярлаудың жоғары деңгейінің дәлелі болды.
Фестиваль өнер мен технологияның қатар жүре алатындығының үлгісі болды, бұл инновация мен мәдени бастамалар арқылы қоғамның дамуына ықпал ететіні сөзсіз.