«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелерін жариялады. Бұл рейтинг Қазақстандағы білім беру сапасының маңызды көрсеткіші саналады.
Рейтинг қорытындысына сәйкес Академия республикада шығармашылық мамандықтар бойынша үздік кадрлар даярлайды. Рейтингке қатысқан «Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасы бірінші орынды, «Хореография» білім беру бағдарламасы екінші және «Дизайн» программасы үшінші орынды иеленді. Осылайша ЖОО білім беру бағдарламалары рейтингінде өнер академиясы үздік үштікке енді. Бұл көрсеткіш – өнер академиясының ұстаздары мен қызметкерлерінің, сондай-ақ ұжымдық еңбектің нәтижесі.
«Атамекен» тәуелсіз рейтингі 2018 жылдан бастап ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша жыл сайын өткізіледі.





