2025 жылғы 2-4 қазан күндері Қостанай қаласында халықаралық дәрежеге ие «Jazz Bomond 2025» фестивалі өтті. Мәдени іс-шараға Қазақстан мен Ресейдің шығармашылық ұжымдары қатысты. Атап айтқанда Астана, Алматы, Петропавл, Қостанай қаларымен қатар, Челябинск, Екатеринбург қаларынан келген өнерпаздар болды.
Джаз фестивалінің сахнасында кәсіби музыканттармен бірге Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Big-Band» тобы өнер көрсетті. Фестивальдің көрермені мен ұйымдастырушылары Академия оркестрінің жоғары кәсіби деңгейі мен орындаушылық шеберлігін ерекше атап өтті.
Мұндай халықаралық шығармашылық байланыстар мен тәжірибе алмасу жобалары өнер ордасының қоржынына айтарлықтай үлес қосары анық.