2024 жылдың 23 желтоқсаны күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына қарасты 8D021-Өнер Диссертациялық кеңесінде Досжанов Бауыржан Таттибековичтің докторлық диссертация қорғауы өтті.
Диссертация тақырыбы: «Қазақ монументалды-сәндік гобелен өнері: дәстүрлі және инновациялық даму модельдері»
- Мамандығы: «6D041700 – Сәндік өнер»
- Қорғау күні, уақыты: 23 желтоқсан, 2024 жыл, сағат 11:00
- Диссертациялық жұмыс тілі: Қазақ тілі
- Кафедра: «Сәндік өнер»
Ғылыми кеңесшілер:
Пельше Стелла – өнертану докторы, Латвия өнер академиясы Өнер теориясы институтының аға ғылыми қызметкері (Рига қ., Латвия);
Муканов Малик Флоберович – PhD докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Көркемсурет» кафедрасының доценті.
Ресми рецензенттер:
Крыкбаева Сара Мукашевна – өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Кәсіптік білім» кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
Абишева Оңал Тоққұлқызы – PhD докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Дизайн» кафедрасының профессоры.
Қорғау барысында диссертацияның зерттеу нәтижелері жоғары бағаланып, жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы атап өтілді. 8D021-Өнер Диссертациялық кеңесі бірауыздан Досжанов Бауыржан Таттибековичке «6D041700 – Сәндік өнер» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұжымы Досжанов Бауыржан Таттибековичті философия докторы (PhD) дәрежесінің иеленуімен құттықтай отырып, болашақ ғылыми-зерттеу жұмысына табыс тілейді!