2025 жылдың 29 қаңтарында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Толыбаев жатақханада тұратын студенттермен кездесті. Бұл жиын Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлімнің 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында проректор студенттердің жатақханадағы ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ:
- Өрт қауіпсіздігі және тұрмыстық құралдарды дұрыс пайдалану,
- Жатақханадағы тазалық пен тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жатақхананың тұрмыс жағдайы бойынша пікір алмасты. Академия басшылығы жастардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруі үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға дайын екенін жеткізді.