Жақында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қарасай ауданы бойынша шекара бөлімі бастығының бірінші орынбасары Шиктебаев Рустам мен подполковник Кайтаев Дархан арнайы келді. Кездесу барысында концерттерттік іс-шаралар ұйымдастыруға, студенттердің өнер көрсетуіне академия басшылығы тарапынан көрсетілген қолдау үшін Академия ректоры Арман Жүдебаевқа, Аппарат басшысы Ермек Скаковқа және Театр өнері факультенің деканы Мадияр Сарыбаевқа алғыстарын айтып, сертификаттар табыстады.
Кейінгі екі жыл көлемінде Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі серіктестік аясында академия студенттерін фестивальдер мен байқауларда көлікпен қамтамасыз етіп келеді. Жуырда Қырғызстан еліне жасалған сапар кезінде студенттерді тасымалдауға транспорт ұсынған болатын.
Академия ұжымы да өз кезегінде жауапкершілікке негізделген серіктестік үшін алғыс білдіреді.







