Кітапхана ҚазҰӨА
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кітапханасы – ақпараттық мәдениеттің орталығы. Кітапхананың басты мақсаты – пайдаланушыларға білім беру, ғылыми және кәсіби қызметті дамытуға ықпал ететін сапалы ақпараттық ресурстарға, білім мен идеяларға қолжетімділік ұсыну. Сонымен қатар кітапхана оқырмандардың мәдени тәрбиесіне маңызды үлес қосып, заманауи ғылыми және технологиялық жетістіктердің насихаттаушысы болып табылады.
Қазіргі уақытта кітапхана қоры 213 784 дананы құрайды. Қор құрамына өнер саласындағы ғылыми еңбектер, мерзімді басылымдар, анықтамалықтар – көркем сөздіктер мен энциклопедиялар, сондай-ақ жарияланбаған еңбектер – диссертациялар, дипломдық жұмыстар және ғылыми-әдістемелік зерттеулер кіреді.
Кітапхана қорында сирек қорларға жататын құнды басылымдар сақталған. Олардың ішінде қазақ театр педагогикасының негізін қалаушы көрнекті профессор-оқытушылардың қолжазбалары ерекше орын алады. Сонымен қатар қор құрамында қазақ кино өнері, би және хореография, музыкалық мәдениет пен бейнелеу өнері салаларына қатысты бірегей зерттеулер, партитуралар, сценарийлер, эскиздер мен шығармашылық мұрағат материалдары да жинақталған. Атап айтқанда: А. Тоқпанов, Х. Бөкеева, Р. Қаныбаев, А. Мәмбетов, Г. Рутковская, Е. Сегізбаев, А. Сығай. Бұл материалдар 1961–1980 жылдар аралығында қазақ театр өнерінің оқу-әдістемелік жүйесі қалыптасқан кезеңді қамтиды.
Қолжазбалар арасында дәріс конспектілері, оқу бағдарламалары, режиссерлік талдаулар, спектакльдерге арналған шығармалар мен ғылыми мақалалар. Материалдар тарихи құндылыққа ие ғана емес, сонымен қатар қазіргі театр мамандықтары, режиссура және актерлік шеберлік бағыттары үшін маңызды ғылыми-әдістемелік база болып табылады. Қазақ театр педагогикасының эволюциясын зерделеуге және ұлттық сахна өнерінің даму кезеңдерін жүйелі талдауға мүмкіндік береді.
Кітапхана қоры тұрақты түрде толықтырылып отырады. Оның ішінде академия профессорларының жеке кітаптарын сыйға тарту есебінен де қор байытылуда.
«Ұлт қазынасы: құнды басылымдарды жаңғырту» жобасы – 2022 жылы Академия кітапханасының бастамасымен іске қосылған ауқымды мәдени-ағартушылық бастама. Жобаның негізгі мақсаты – сирек және құнды ескі кітаптарды қайта басып шығару. Жоба аясында 86 атау жарық көріп, оқу үдерісіне енгізілді. Олардың қатарында театр өнері, драматургия, сценография, қолөнер, хореография, костюм дизайны, кино өнері және басқа да шығармашылық бағыттарды қамтитын қазақ тіліндегі басылымдар.
Басылымдар академияның білім беру бағдарламаларына сәйкес әзірленіп, оқу-әдістемелік және ғылыми базаны нығайтуға бағытталған. Жоба ұлттық мәдени мұраны жүйелеуге, қазақ тіліндегі кәсіби көркем білімді дамытуға және отандық ғылыми-шығармашылық еңбектердің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді. Аталған бастама оқу әдебиетінің сапасын арттырып, жас зерттеушілер мен студенттердің кәсіби құзыреттілігін күшейтіп, ұлттық өнер саласындағы ғылыми айналымды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кітапхана пайдаланушыларға ғаламтор арқылы қолжетімді қашықтағы желілік ресурстар мен дерекқорларды ұсынады. Ғылыми зерттеулерді қолдау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұлттық жазылым шеңберінде келесі дерекқорларға қолжетімді:
- – Web of Science компании Clarivate Analytics http://apps.webofknowledge.com
- – Scopus издательства Elsevier https://www.scopus.com
- – Science Direct издательства Elsevier http://www.sciencedirect.co
- – John Wiley & Sons (краткое название – Wiley) www.onlinelibrary.wiley.com
Сондай-ақ студенттер мен оқытушылар қазақ тіліндегі әлеуметтік-гуманитарлық пәндер бойынша заманауи материалдарға «Ашық университет Қазақстан» платформасы арқылы қол жеткізе алады.
Қосымша пайдаланылатын ресурстар:
- https://100kitap.kz/kz – “100 новых учебников казахского языка”.
- https://adebiportal.kz/kz – литературный портал.
- http://kazneb.kz/ – Казахстанская Национальная электронная Библиотека.
2023 жылы кітапхананың оқу залында мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған арнайы аймақ ашылды. Кеңістік қолжетімді орта және инклюзивті білім беру қағидаттарына сәйкес жабдықталған. Оқу үстелінде қосымша жарықпен және заманауи техникалық құралдармен қамтамасыз етілген және экранды дыбыстау, дауыстық сүйемелдеу бағдарламалары орнатылған.
Аймақтың мақсаты – білім алуда тең мүмкіндіктер жасау, ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру – кітапхананың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жолындағы маңызды қадам.
Кітапхана еліміздің мәдени және білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтастық орнатқан:
- 1.«Централизованная библиотечная система города Алматы», подведомственная Управлению культуры города Алматы;
- 2. Казахская национальная консерватория им. Курмангазы;
- 3. Казахская национальная академия хореографии;
- 4. Республиканская библиотека для слепых и слабовидящих;
- 5. Национальная библиотека Республики Казахстан;
- 6. Казахский национальный университет искусств им. Куляш Байсеитовой;
- 7. Казахский национальный педагогический университет им. Абая;
- 8. Кокшетауский университет им. Абая Мырзахметова;
- 9. Международный казахско-турецкий университет им. Ходжи Ахмеда Ясави;
- 10. Республиканская научно-техническая библиотека (НАО РНТБ);
- 11. Университет «Туран»;
- 12. Казахский национальный университет им. аль-Фараби;
- 13. Национальная академическая библиотека Республики Казахстан.
Ынтымақтастық аясында кітапхана-ақпараттық ресурстар алмасу, семинарлар, дөңгелек үстелдер және басқа да ғылыми-мәдени іс-шаралар өткізіледі.
2025 жылы академия кітапханасына ИРБИС 64+ модульдер, жинақтау мен жүйелеуден бастап каталогтауға, кітап іздеуге, басқаруға дейінгі барлық негізгі кітапхана процестерін қамтитын жаңа кітапхана жүйесі енгізілді. Сондай-ақ, заманауи және функционалды веб-сайтты құруға арналған бағдарламалар жиынтығы болып табылатын СК-ЭБ модулі сатып алынды.
СК-ЭБ – кең функционалдық мүмкіндіктері бар қызметтерге тәулік бойы қол жеткізуді және қашықтағы пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін озық технологияларды пайдаланатын заманауи ақпараттық ресурс.
Search
Announcements

13.02.2026

12.02.2026

11.02.2026







