2024 жылдың 29 ақпанында «Креативті индустрия және жасанды интеллект» атты Ғылым апталығы аясында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында «Өнер уақыты» зияткерлік ойыны өткізілді.
Интеллектуалды ойынның мақсаты – өнердің әртүрлі салаларына танымдық қызығушылықты дамыту, ең білімді студентті анықтау, тарихты, ғылыми-танымдық әдебиеттерді зерттеуге қызығушылықты ояту, эмоционалды көңіл-күй мен оқуға деген оң мотивацияны қалыптастыру.
«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 1 курс студенттері арасында өткізілген ойын нәтижесі бойынша «Азаматтық қорғаныс» командасы жеңіске жетті. Студенттер грамоталармен және сыйлықпен марапатталды.