Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас әкімшісі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас әкімшісінің негізгі мақсаты Академияның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Қызметтің тапсырмалары:
- – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
- – заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады;
- – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- – заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
- – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны, стандарттар мен саясатты әзірлеу;
- – комплаенс бағыттарын қадағалау және бақылау.
Академия сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын енгізу және жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
- – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын орындау үшін бөлінетін өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
- – басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
- – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас әкімшісі қызметінің ақпараттық ашықтығы;
- – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас әкімшісінің тәуелсіздігі;
- – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
- – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
- – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас әкімшісі
Қанатов Саламат Есенбекұлы
Оң имиджін одан әрі сақтау мақсатында Академияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бас әкімшісі заңнаманы және/немесе әдеп және мінез-құлық кодексін бұзушылықтарды, оның ішінде алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, кемсітушілік, әдепсіз мінез-құлық және қоғам қызметіне қатысты өзге де бұзушылықтар жағдайларын уақтылы анықтау және алдын алу үшін жедел желіні іске қосты.
Біз құпиялылыққа кепілдік береміз (жүгінген тұлғаның қалауы бойынша).
Қабылдау күні мен уақыты:
Күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін,
үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.
Тел. 8 (727) 338-35-55
Search
Announcements

13.10.2025




