Ұлттық өнердің алып тұлғасы Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдығына арналған еске алу кеші өтті | TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS
National day of mourning 25 September 2026 – National Day of Mourning in the Republic of Kazakhstan We extend our condolences to the families and loved ones of those who died. ↗
kz ru en

TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS

Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan

  • About Us
    • Management
    • Services and departments
    • Faculties
    • Academic Council
    • Educational and Methodological Council
    • Contacts
  • Academy
    • Documents
    • Job openings
    • Educational process
    • Күміс университеті
    • Creative works
    • Educational Theater
    • Department of Professional Development and Continuing Education
  • Students
    • Schedule for the 2026–2027 Academic Year
    • Payment information
    • Academic calendar
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Academic mobility
    • Psychological service
    • Requisites
    • Cinema Club”shaken”
  • Applicants
    • Bachelor’s degree
    • Master’s degree
    • Doctoral studies (PhD)
    • Open Day
  • The science
    • Scientific Personnel Training Department
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Dissertation Council of KazNAI
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS

kz ru en

Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan

TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS

  • About Us
    • Management
    • Services and departments
    • Faculties
    • Academic Council
    • Educational and Methodological Council
    • Contacts
  • Academy
    • Documents
    • Job openings
    • Educational process
    • Күміс университеті
    • Creative works
    • Educational Theater
    • Department of Professional Development and Continuing Education
  • Students
    • Schedule for the 2026–2027 Academic Year
    • Payment information
    • Academic calendar
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Academic mobility
    • Psychological service
    • Requisites
    • Cinema Club”shaken”
  • Applicants
    • Bachelor’s degree
    • Master’s degree
    • Doctoral studies (PhD)
    • Open Day
  • The science
    • Scientific Personnel Training Department
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Dissertation Council of KazNAI
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Admission Office)
kaznai@art-oner.kz
127 Panfilov St., Almaty, Kazakhstan
Home News Ұлттық өнердің алып тұлғасы Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
Ұлттық өнердің алып тұлғасы Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

15/05/2026

News

Ұлттық өнердің алып тұлғасы Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

2026 жылғы 15 мамыр күні А. Тоқпанов атындағы оқу театрында қазақ театр және кино өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Серәлі Қожамқұловтың туғанына 130 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.  Ұлттық сахна өнерінің алып тұлғасына тағзым етуге арналған бұл кешті Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры бірлесе ұйымдастырды. Іс-шараның тізгінін белгілі актер Ерлан Біләл ұстады. 

Кеш барысында Серәлі Қожамқұловтың шығармашылық жолы мен өнегелі өмірі жан-жақты дәріптелді. Көрермен назарына актердің өмірі мен сомдаған рөлдері, соның ішінде «Қарабай» бейнесі туралы деректі үзінділер ұсынылды. Қазақстанның халық артисі Болат Әбділманов пен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай «Еңлік-Кебек» қойылымынан Еспембет бейнесін көрсетті. Сонымен қатар Ерлан Біләл шеберханасының 2-курс студенттері «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклінен үзінді қойды. Театр сыншысы Амангелді Мұқан актердің театрдағы шығармашылық ғұмырына тоқталса, кинотанушы Баубек Нөгербек С. Қожамқұловтың қазақ киносының қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесі жөнінде баяндама жасады. 

Кешке Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Арман Жүдебаев қатысып, алғы сөзін сөйледі. Сондай-ақ, Жезқазған қаласынан арнайы келген С. Қожамқұлов атындағы театр басшылығы мен елімізге белгілі өнер майталмандары – Тұңғышбай Жаманқұлов, Рахилям Машурова, Әубәкір Рахимов, Саят Мерекенов, Салиха Қожақова және өзге де зиялы қауым өкілдері сахна саңлағы туралы естеліктерін ортаға салды. Кеш соңында Серәлі Қожамқұловтың қызы Салиха Серәліқызы Рымжанова мен немересі Әсел Мусинова сөз алып, әулет атынан ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Бұл тағзым кеші ұлттық өнердің алтын арқауын үзбей, жас буынға ұлыларды ұлықтаудың озық үлгісін көрсетті.

Search

Announcements

Workshop on the use of Artificial Intelligence to be held at the Academy

23.09.2026

Workshop on the use of Artificial Intelligence to be held at the Academy

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

22.09.2026

Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз

CALL FOR APPLICATIONS FOR PARTICIPATION IN THE ACADEMIC MOBILITY PROGRAM UNDER BILATERAL AGREEMENTS

17.09.2026

CALL FOR APPLICATIONS FOR PARTICIPATION IN THE ACADEMIC MOBILITY PROGRAM UNDER BILATERAL AGREEMENTS

Announcement

07.09.2026

Announcement

  • Ministry of Science and Higher Education of the Republic of Kazakhstan
  • Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan
  • About the “Таза Парақтан” Regulation Project
  • Strategic Plan of the Ministry of Culture and Information of the Republic of Kazakhstan for 2020-2024

Categories

  • Вакансиялар
  • News
  • Announces

Our Social Networks

Admission Committee

Bachelor’s:

8 (727) 272-46-74

Master’s:

8 (727) 338-20-31

Welcome to the official website of the academy! We strive for transparency, inclusivity, and making a positive impact on society. Your support and involvement are very important to us.

Academy

Documents

Email:

kaznai@art-oner.kz

Rector’s Office:

8 (727) 338-35-55

Press Office:

8 (727) 272-46-74

© 2025 TEMIRBEK ZHURGENOV KAZAKH NATIONAL ACADEMY OF ARTS.

Сделано в Alteman