Магистратураға түсу кезінде қажетті құжаттар:
- – Белгіленген үлгідегі ректордың атына жазылған өтініш
- – Жеке парақ
- – Жоғары білім туралы құжаттың (транскриптпен бірге үш тілде) түпнұсқасы және нотариалды расталған көшірмесі
- – Жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы мен көшірмесі (2 дана)
- – 3×4 см көлеміндегі 6 фотосурет
- – 075-У нысанындағы медициналық анықтама (2020 жылғы 30 қазандағы №175/2020 бұйрықпен бекітілген), соңғы 6 айдағы флюорография қоса берілуі тиіс
- – Шетел тілін меңгеру деңгейін растайтын сертификат (ағылшын, француз, неміс тілдері бойынша): TOEFL IBT, IELTS Academic, DSH, TDF, DALF, DELF, TFI, TCF (бар болған жағдайда)
- – Еңбек өтілі бар тұлғалар үшін еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек кітапшасының түпнұсқасы мен көшірмесі)
- – Соңғы 3 жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектер тізімі (бар болған жағдайда)
- – Әскери есепке алынғаны туралы куәлік немесе әскери билет (ер азаматтар үшін) көшірмесі (2 дана)
- – Ұсыныс хат
- – Рецензенттің қолы қойылған реферат (қағаз және электронды нұсқасы)
және 3), 7) тармақтарында көрсетілген құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде қабылданады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалар талапкерге қайтарылады.
Search
Announcements

17.05.2025

23.04.2025