Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қазақтың алғашқы кәсіби суретшілерінің бірі, кескіндемеші, педагог, ҚазКСР халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Сыздықұлы Кенбаевтың 100 жылдығына арналған «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің Дөңгелек үстелі және суретшінің шығармашылық туындыларының естелік көрмесі ашылды.
Дөңгелек үстелге профессор-оқытушылық құрам, өнертанушылар және білім алушылары қатысты. Іс-шараның құрметті қонағы – суретшінің ұлы, белгілі монументалды суретші Алпамыс Кенбаев болды. Қатысушылармен естелікке толы мазмұнды кездесу-сұхбат жүргізді.


Кездесу барысында М. Кенбаевтың шығармашылық мұрасы мен қазақ бейнелеу өнеріндегі тарихи рөлі талқыланды. Іс-шараны «Көркемсурет» және «Сәндік өнер» кафедралары 2024–2025 оқу жылына арналған стратегиялық жоспар аясында ұйымдастырды.
Модератор – PhD докторы, профессор Ербол Қайранов.







