Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнерінің тарихы мен теориясы кафедрасының оқытушысы, өнертану магистрі Моншақ Абуова халықаралық «Әдебиет.Рух.Қоғам» байқауында жүлдегер атанды.
Ақтөбеде өткен шығармашылық додаға еліміздің түкпір-түкпірінен және шетелдерден барлығы 140-тан астам туынды қабылданып, жеңімпаздар 11 аталым бойынша іріктелген. Соның ішінде әріптесіміз Моншақ Бекайдарқызының «Ақын жүрек» музыкалық драмасы Бәкір Тәжібаев атындағы номинацияға ие болды.
Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұжымының атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да тағылымы мол құнды дүниелеріңізбен қуанта беруіңізге тілектестік білдіреміз. Қаламыңыз қарымды болсын. Сізге сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс тілейміз.

