
9 сәуір күні “Арт-менеджмент және продюсерлеу” кафедрасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Өнер-2025» байқауы өз мәресіне жетті.
Қатысушылар шығармашылық индустриядағы жобалар мен стартаптар байқауында өз идеяларын ұсынып, өнер, дизайн, музыка және инновация салаларында шабыт беретін, әлемді өзгертуге бағытталған бастамаларымен бөлісті.
Ондаған бірегей жоба әділ бағасын алды. Қатысушылар сарапшылардың қолдауына ие болып, жаңа шығармашылық серіктестіктер құрылды. Жаңа мүмкіндіктер мен көкжиектер ашылды.
Үздік жобалар халықаралық деңгейде өз идеяларын таныстыру мүмкіндігіне ие болды. Ең бастысы — әрбір қатысушы үлкен шығармашылық қауымдастықтың бір мүшесіне айналды.
«Өнер-2025» — бұл жай ғана байқау емес, болашақты қалыптастыратын шығармашыл тұлғаларды біріктіретін қозғалыс. Сіздердің идеяларыңыз — болашақ туындылардың бастауы.
«Өнер-2025» байқауын ұмытылмас еткен барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!


