• 22.12.2024

Биыл Қазақстанда қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, қоғам қайраткері, ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығы салтанатты түрде атап өтілуде.

Қазақ халқының біртуар перзентінің өмірі мен шығармашылығын тереңірек тану мақсатында доцент Н.А. Таирова «Драм театры және кино әртісі» мамандығының 2 курс студенттерімен Алматы қаласындағы  жазушының мұражай-үйінде болды. Экскурсия жетекшісі мұражай-үйдің тарихы, қалдырған мұрасы мен жазушының осы үйде өткізген жылдары туралы ақпарат берді.

Әуезовті замандастары «Шығыстың данагөйі, анықтамалық адамы және дәуір символы» деп атаған. Жазушы, филолог қана болмай, сонымен қатар оның қызығушылық аясы кең және алуан түрлі – қазақ фольклорының теңдесі жоқ ғұламасы, драматург, журналист, педагог, тамаша білімдар және энциклопедист.

Мұражайлардың экспозициялары студенттерге үлкен әсер қалдырды. Олар мұндай экскурсиялар студенттердің білім деңгейін көтеруде, өз елінің мәдениетімен, тарихымен танысуында ағартушылық және тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті. Мұражайлар кешегісі мен бүгінгіні байланыстырады, болашаққа көпір салады. Қазақ елінің абзал ұлдарының өмір жолымен таныса отырып, өткен күнге көз жүгіртуге, бұрын байқалмаған көп нәрсені көруге мүмкіндік алдық. Өйткені, Любовь Шашкова айтқандай, «кей адамдардың тағдыры халыққа қырағылық, ұрпағына ізеттілік қосады». Әрине, Мұхтар Әуезов те сондай адамдардың қатарынан екені сөзсіз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия