«Мода және костюм дизайны» кафедрасының студенттері мен оқытушылары үшін ерекше әрі пайдалы кездесу өтті!
«Портфолио және жасанды интеллект: шығармашылық пен сторителлингті дамытудағы ЖИ мүмкіндіктері» тақырыбында Италияның IED (Istituto Europeo di Design) профессоры Оскар Позуэлос лекция өткізді.
Профессор жасанды интеллекттің дизайнердің креативті көзқарасын танытатын әсерлі портфолио жасауға қалай көмектесетінін айтып берді. Көптеген тың идея, шабыт пен жаңа мүмкіндіктер туралы ой бөлісті!
Осындай форматтағы кездесулер болашақ дизайнерлер үшін өте құнды деп ойлаймыз!


