
Н.Тілендиев атындағы Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің концерттік кеші академия оқу театрында жоғары деңгейде өтті. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Дінзухра Тілендиева.
Кеш барысында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері Жалғасбек Бегендіков, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Гүлзат Дәуірбаева, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаттары Фархат Кубиев, Нұрғалым Аманбай және Жұлдыз Байжұма өнер көрсетті.
Концерттік бағдарламада Нұрғиса Атабайұлының жүрекке жетер әуендері — «Ата толғауы», «Жүрегім менің», «Аққу», «Махамбет», «Өз елім», «Құстар әні» және тағы да басқа туындылары орындалды.
Академия ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз! Мұндай тағылымды кештер білім алушы жас буын үшін зор өнеге болары сөзсіз. Алдағы уақытта да осындай рухани шаралар жалғасын табады деп сенеміз.



