«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ТАРИХИ ЖАДЫ: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫНА «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР», «ШЕТ ТІЛДЕРІ МЕН ҚХА» КАФЕДРАЛАРЫНЫҢ ОҚЫТУШЫ-ПРОФЕССОРЛАР ҚҰРАМЫНЫҢ ҚАТЫСУЫ
2024 жылдың мамыр айының 29-30 күндері Қарағанды қаласында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қазақстан халқының тарихи жады: тарих және қазіргі заман» атты Халықаралық форум ұйымдастырылды (Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған). Форум «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы аясында өтті.
Форумға қоғам және мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың, шығармашылық зиялы қауымның, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тоталитарлық режим құрбандарының ұрпақтары қатысты.
Форумның мақсаты – Қазақстан халқы тарихының қасіретті беттерінің ортақ тарихи жадын сақтау, қаралы кезеңді зерттеуде заманауи зерттеу әдістерін қолдану арқылы жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РМУ, «Шаңырақ» ҚХА кафедралар бірлестігі.
Халықаралық форум аясында келесі іс-шаралар өтті:
- Халықаралық ғылыми-практикалық конференция;
- Қазақстанға жер аударылған халықтардың тарихи жадына арналған көрмелер;
- Сәкен Сейфуллинге арналған көрме;
- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған еске алу митингі;
Форумға Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясынан секциялық отырысқа қатысып, баяндама жасағандар:
- «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, ХАА академгі Алимжанова Алия Шарабековна;
- «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, асс. проф, ХАА академигі,ҚХА мүшесі, ҚХА Ғылыми-сарапшы тобының мүшесі Шаймерденова Мендыганым Джамалбековна.
Секциялық отырыстарда Қазақстан Республикасының және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары, ҚХА мүшелері, ҚХА Ғылыми-сарапшы тобының мүшелері, ҚХА ҒСК мүшелері, қуғын-сүргін құрбандары мен жер аударылғандардың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және т.б. сөз сөйледі.