• 21.11.2024

«Сән және костюм дизайны» кафедрасы 2024 жылдың 25-26 наурыз күндері XVI Республикалық пәндік олимпиаданың 2-ші турын өткізді.

Авторkaznai

Mar 27, 2024

Олимпиадаға Қазақстан Республикасының 9 (тоғыз) жоғары оқу орындарының студенттері қатысты:

  1. Қазақ ұлттық өнер университеті («Шабыт», Астана қаласы): «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша – 3 студент, «Театр және кино костюмінің дизайны» бейіні бойынша -3 студент
  2. Қ.А.Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетінің Спорт  және  Өнер  факультетінің  «Бейнелеу өнер» кафедрасы (Түркістан қаласы): «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша – 3 студент, «Театр және кино костюмінің дизайны» бейіні бойынша – 4 студент
  3. Алматы Технологиялық Университеті (Алматы қаласы): «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша 2 студент; «Театр және кино костюмінің дизайны» бейіні бойынша – 4 студент
  4. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті: «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша – 3 студент;
  5. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті (Шымкент қаласы): «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша 3 студент;
  6. Махамбет Өтеміcов атындағы Батыс Қазақстан Университеті (Орал қаласы): «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша -1 студент; «Театр және кино костюмінің дизайны» бейіні бойынша -1 студент;
  7. Құралбек Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті (Астана қ.) «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша 2 студент;
  8. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті: «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша – 1 студент
  9. Темірбек Жүргенов атыындағы Қазақ Ұлттық өнер университеті (Алматы қ.): «Фэшн-дизайн» бейіні бойынша – 13 студент, «Театр және кино костюмінің дизайны» бейіні бойынша – 9 студент

Олимпиадаға екі траектория бойынша қатысушылардың жалпы саны – 51 студент.

Олимпиада «6B02197 Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасының «Фэшн-дизайн» және «Театр және кино костюмінің дизайны» траекторияларының пәндері бойынша шығармашылық жұмыстар нәтижесінің конкурсы ретінде өткізілді.

«Фэшн-дизайн» траекториясы үшін – «Эскиздік графика» және «Киімді муляждық моделдеу» пәндері бойынша; «Театр және кино костюмінің дизайны» траекториясы бойынша – «Костюмографика» және «Киімді пластикалық моделдеу» пәндері бойынша өтті.

2024 ж. 25 сәуірде сағат 9.30-да «Сән және костюм дизайны» кафедрасының екі білім беру траекториясы бойынша Олимпиадаға қатысушыларға тақырыптар жарияланды:

– «6В02197 Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасының «Фэшн-дизайн» траекториясына қатысушылар  – «Қазақстан суретшілері Әлібай мен Сауле Бапановтар шығармашылығы»

– «6В02197 Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасының «Театр мен кино костюмінің дизайны» траекториясына қатысушылар  – «Қазақ ССР-ның Халық суретшісі, театр суретшісі Калмыков Сергейдің шығармашылығы»

«Фэшн-дизайн» траекториясы бойынша  қатысушылар екі этаптан тұратын тапсырма орындады:

I-ші этапберілген тақырыпқа сай костюм үлгісінің бейнелі-ассоциативті эскизін салу

Эскиз A3 форматтағы тығыз қағазға түрлі көркемдік құралды қолдана қалаған техникада жасалды

 II-ші этап эскизді материалда орындау:

   Үлгі манекенде ұсынылды және түйреу әдісімен ерікті материалдардан жасалды

«Театр және кино костюмінің дизайны» траекториясы бойынша қатысушылар да екі этаптан тұратын тапсырма орындады:

I-ші этапберілген тақырыпқа сай бейнелі-ассоциативті композицияның костюмдік қалыбының эскизін салу

Эскиз салуға: A3 форматы тығыз қағаз, түрлі көркемдік материалдарды қолданып, қалаған техникасында орындалды

 II-ші этапкомпозицияны материалда орындау:

Композиция манекенде ұсынылады және дәстүрлі емес материалдардан (яғни әдетте киім тігуге қолданылмайтын материалдардан) жасалуы талап етілді.

Конкурстық комиссияның Олимпиадаға қатысушылар орындаған жұмыстарды талқылауы және бағалауы нәтижесінде жүлделі орындарға келесі студенттер ие болды: 

6В02197 «Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасының «Фэшн-дизайн» білім беру траекториясы бойынша Олимпиада жеңімпаздары

р/сСтуденттің аты-жөніБББ, курсыЖООЖетекшісі
 1-ші орын
1Хафизоллакызы Аида Ә.Бапановтың «Айналайын» атты жұмысы бойынша орындалған жұмысы үшін Диплом № 0001326В02189 «Сән және  костюм дизайны» БББ, 3 курсТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.)Нурмагамбетова К.А. Дениско Т.В.
 2-ші орын
2Касенов Адиль Куанышевич Ә.Бапановтың «Әлем тауы» атты жұмысы бойынша)  орындалған «Қараңғыны босату» атты жұмысы үшін Диплом № 0001336В02197 «Сән және  костюм дизайны» («Фэшн-дизайн») БББ, 2 курсТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.)  Ибраева А.Б. Бекибаева Г.Д.  
3Скендір Ақжан Сәкенқызы Ә.Бапановтың «Әуе күмбезі» жұмысы бойынша орындалған жұмысы үшін Диплом № 000134 6В02189 «Сән және  костюм дизайны» БББ, 3 курсТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.)Нурмагамбетова К.А. Дениско Т.В.
 3-ші орын
4Елюбаева Акерке Нуржанқызы Ә.Бапановтың «Көк бөрі(«Қасқыр ана») атты жұмысы бойынша орындаған жұмысы үшін Диплом № 000135«6B02121- Сценография / Киім дизайны» БББ, 3 курс студенті    Қазақ ұлттық өнер университеті  (Шабыт)    Исатаева Сауле Турсынбековна  
5Бимашева Жасмина Кобланқызы Ә.Бапановтың «Қу тіршілік» атты жұмысы бойынша орындаған жұмысы үшін Диплом № 000136«6В02123 – Сән және костюм дизайны» БББ,  3 курс студенті  Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (Орал қаласы)Файзуллина Эльвира Елемесовна
6Қапанова Аружан Ержанқызы Ә.Бапановтың «Таң» (2023 )атты  жұмысы бойынша орындалған «Соқыр сенім» атты жұмысы үшін Диплом № 000137«6В02103 – Сән дизайны» БББ, 3 курс студенті      Қ.Құлажанв атындағы Қазақ техноогия және бизнес университетіБекзат Айкүміс Бөріханқызы

6В02197 «Сән және костюм дизайны» білім беру бағдарламасының «Театр және кино костюмінің дизайны» білім беру траекториясы бойынша Олимпиада жеңімпаздары

р/сСтуденттің аты-жөніБББ, курсыЖООЖетекшісі
     1-ші орын
1Кульмачева Нұрай Мейрамбекқызы С.Калмыковтың «Лунный джаз» атты жұмысы бойынша орындалған жұмысы үшін Диплом № 000138«6В02197 Сән және костюм дизайны /Театр және кино костюмінің дизайны», БББ 2 курс студенті  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.)  Возженикова Л.В. Наймантаева М.Т.   «Сән және костюм дизайны» кафедрасының аға оқытушылары
 2-ші орын
2Тохтасын Дильназ Асылханқызы С.Калмыковтың «Нояда с лирой (1938г)» атты жұмысы бойынша орындалған «Аласарыран» атты жұмысы үшін Диплом № 000139«6В02126 Дизайн» БББ 3 курс студенті  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы)  Сейсембекова Меруерт Сарсенбаевна. аға оқытушы, магистр    
3Стамбекова Назым Темірқызы С.Калмыковтың «Планета» атты жұмысы бойынша орындалған атты жұмысы үшін Диплом № 000140«6В02126 Дизайн» БББ 3 курс студенті  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы)Сейсембекова Меруерт Сарсенбаевна. аға оқытушы, магистр  
3-ші орын
4Ахан Жанерке Серікқызы С.Калмыковтың «Лунная сюита» атты жұмысы бойынша орындалған атты жұмысы үшін Диплом № 000141«6В02197 Сән және костюм дизайны /Театр және кино костюмінің дизайны», БББ 2 курс студентіТемірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы қ.)  Возженикова Л.В. Наймантаева М.Т.   «Сән және костюм дизайны» кафедрасының аға оқытушылары
5Абдужаппарова Лейло Дильшатқызы С.Калмыковтың «Размышления о звездной чаше» атты жұмысы бойынша орындалған атты жұмысы үшін Диплом № 000142 «6В02126 Дизайн» БББ, 3 курс студентіҚ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (Түркістан қаласы)  Сейсембекова Меруерт Сарсенбаевна аға оқытушы, магистр  
6Қуан Айя Жексенқызы  С.Калмыковтың  «Путь к Вселенной» атты жұмысы бойынша орындалған жұмысы үшін Диплом № 000143«Театр, кино және ТВ костюмнінің сценографиясы», 3 курс студенті  Алматы технологиялық университеті (АТУ, Алматы қаласы)Алданаева Айсулу Муханбеткалиевна, оқытушы-лектор

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия