2026 жылдың 13-27 ақпан күндері «6B02101 – Дәстүрлі музыка өнері» білім беру бағдарламасы бойынша VIII Республикалық «Жас екпін» байқауының І кезеңі өтті.
Байқауға қатысуға барлығы 70 үміткер өтінім берген. Қазылар алқасының шешімімен тізім бойынша 28 қатысушы II кезеңге жолдама алды
Байқаудың II кезеңі 13 наурыз күні, сағат 10:00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының А. Тоқпанов атындағы оқу театрында өтеді.
Тіркелу уақыты сағат 9:00-ден басталады.
Конкурс болашақ дарынды музыканттарды анықтау және ұлттық өнерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Келесі кезеңге өткен үміткерлерге сәттілік тілейміз.







