• Wed. Oct 27th, 2021

«Жеке ән салу» кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • «Жеке ән салу» кафедрасы

 «Жеке ән салу» кафедрасы 1979 жылы музыкалық комедия кафедрасының негізінде ашылды. «Жеке ән салу» кафедрасының негізін қалаушылар және рухани дем берушілер ҚР халық артисі профессор Кәукен Кенжетаев, доцент Марияш Жолымбетова, Рахилям Машурова, Есім Сегізбаев, Полат Ильдаров,Мәлік Ерғалиев, Гулнара Гизатова, Арнольд Шпизман, Максұт Жүніс.

Кафедраның пайда болуының негізгі мақсаты студенттерді тек актерлік шеберлікке ғана оқыту емес, сонымен қатар актер-әншіні тәрбиелеу, вокалдық музыка орындаушыларын кәсіптік деңгейде дайындау қажеттілігі еді.

  Мамандықтың жаңа оқу бағдарламасын жасауға орасан зор үлес қосқан Мақсұт Жүніс- 1987-1991 жылдары кафедраның меңгерушісі Республикалық конкурстың лауреаты, Бүкілодақтық әншілер конкурсының дипломанты, ҚР-ның білім беру үздігі, профессор. Ол бағдарлама ЛГИТМИК(Ленинград), ГИТИС (Москва), Ташматов атындағы Ташкент театр институтының оқу бағдарламалары негізінде құрастырылды.

   Театр факультеті тарихында алғашқы рет «Музыкалық комедия» мамандығы бойынша 4 курс студенттерімен Павлодар қаласында өндірістік практика ұйымдастырылды. Нәтижесінде осы студенттер жаңа ашылған Ж.Аймауытов атындағы музыкалық драма театырының негізі қаланды. Әнші-ұстаздар Павлодар қаласына вахталық(кезекпен) әдіспен барып, жас актерлардың дауыс тәрбиесін жалғастырды.Кәукен Кенжетаевтың 75-жылдығына арнайы театрдың ашылу рәсімі өтті. Ол Қазақстанның жалпы мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. «Музыкалық комедия» кафедрасының түлектері өнер саласында ерекше абыройға ие болды, олар: ҚР халық артисі Роза Рымбаева, ҚР-на еңбек сіңірген артистері Майра Ілиясова, Дүйсен Кенжеев, ҚР-ның өнер қайраткері Құдайберген Бекішев, Мәдениет қайраткерлері Талжібек Атамбекова, Мұхтар Байжұманов, Досмухамед Ұябаев, Айгүл Иманбаева, Меруерт Түсіпбекова, Қаракөз және Гүлбаушан Тілеубековалар, Сырым Қашқабаев, Жанқалдыбек Төленбаев, Роман Чехонадский, Елена Ломоносова. Абай атындағы опера және балет театрының солистері Рыскен Меденова,Дулат Тоқанов, Салтанат Мырзабекова- халықаралық әншілер конкурсының лауреаты,«Ла скала» театрының стажері және тағы басқалар. 1991-1996 жылдары кафедра меңгерушілері болып жұмыс атқарғандар: Қанат Омарбаев , Шора Үмбеталиев, Рахилям Машурова, Гулнара Гизатова.

  • 1996 жылдан 1999 жылға дейін кафедра меңгерушісінің қызметін доцент М.О.Жүніс атқарды.
  • 1999 жылдан 2001 жылға дейін доцент М.О.Жүніс академияның шығармашылық және тәрбие жұмыстарының проректоры қызметін атқарды. Кафедра құрамында әр кездерде елімізге танымал опера әншілері дәріс берді.

   Олар: ҚР-ның еңбек сіңірген артистері Нина Радченко, Жұлдыз Баймульдина, Кенжеғали Мыржықпаев, Сұлтан Байсұлтанов,п.ғ.к.,профессор Алма Қожахметова

  • 1999жылдан 2007 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып ҚР мәдениет қайраткері профессор Құрманбек Байқуатов тағайындалды
  • 2007-2009 жылдары кафедраны меңгерген жас маман, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның түлегі, Абай атындағы опера және балет театрының әншісі Торғын Смайлова болды.
  • 2009-2015 жылға дейін «Жеке ән салу»кафедрасының меңгерушісі болып ҚР-на еңбек сіңірген қайраткер, Халықаралық «Алтын күз»камералық конкурсының лауреаты, доцент Д.З.Уәшев тағайындалды.
  • 2015 ж. «Жеке ән салу»кафедрасының меңгерушісі Сапарғалиева Гүлдана Ғалымқызы.

   Ашылғаннан бері, кафедра құрамы үнемі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның түлектерімен толықтырылып отыр. «Жеке ән салу» кафедрасының дамуына ерекше үлес қосқан , жемісті және сапалы еңбек еткен ҚР-ның халық артистері: Шора Үмбеталиев, Владимир Ким, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, Москва консерваториясының түлегі Амангелді Сембин, Қанат Құлымжанов, тамаша ұстаз Полина Дорохова, Виктор Даренский,Рысхан Шаушиева, Сергей Бреусов,доцент Людмила Яросевич.Санк-Петербург консерваториясының түлегі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор Гүлдана Сапарғалиева нәтижелі еңбек етуде. Қазіргі кезде кафедраға белгілі орындаушы-әншілер шақырылды:ҚР-ның халық артисі, Мемлекеттік мыйлығының лауреаты Нурғали Нүсіпжанов, Халықаралық конкурстардың лауреаттары ,танымал әншілер Мирас-Құралай Бекжановтар,тәжірибелі ұстаз-орындаушы, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қызметкер Галина Қарамолдаева.

   Кафедрада еңбек етуші педагогтардың қатарында үлкен тәжирибелі ұстаздықты шығармашылықпен жалғастырушы, халықаралық конкурстардың лауреаты Абай атындағы опера және балет театрының әншілері:Балапан Жұбаева, Жанболат Жұмағазин,Ажар Жакупова,К.Байсеитова атындағы Республикалық конкурстардың лауреаты Жұмат Жабагин,Республикалық жас орындаушылар конкурсының лауреаты, доцент Ғалия Токсанбаева,ҚР-на еңбек сіңірген қызметкер Тілеубек Қожанұлы.

   Болашақ музыкалық театр мамандықтарын дайындауда қажырлы еңбек етіп жүрген ,тамаша –ұстаз крнцертмейстерлер өз ісінің шеберлері:Дина Бисембаева, Светлана Каюпова, Олеся Лешина, Юрий Митронин, Жұмабек Бекишев, Нүргүл Нүсіпжан.

   Соңғы кезде белгілі орындаушы,өнер саласының көрнекті қайраткерлерінің шеберлік дәрісін ұйымдастыру және өткізу қолға алынды.Кафедраның біліктілік дәрежесін көтеру мақсатымен КСРО халық әртісі, Кишинев консерваториясының профессоры(Молдова)Г.Мунтян,КСРО халық әртісі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова, Халықаралық вокал өнерінің академиясының академигі, профессор Шахмардан Абилов, халық артисі, профессор Ғафиз Есімовтар шақырылып, шеберлік класстар өткізілді .

  
 «Жеке ән салу» кафедрасының 35 жылдық нәтижелі еңбегі арқасында,жоғары деңгейлі кәсіби мамандар тәрбиеленіп, көптеген халықаралық, республикалық,регионалдық байқаулардың жеңімпаздары атанып, қазіргі таңда шетел мемлекеттерінде, ТМД елдерінде, еліміздің көптеген театрларында, концерттік ұжымдарда жемісті еңбек етуде.