• 02.05.2024

«КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКА: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ТАБЫС ТАБУ КӨЗІ»

Авторkaznai

Feb 28, 2024

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ҰӨА-ның «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы ұйымдастыруымен Ғылым апталығы аясында “Әлеуметтану” және “Саясаттану” пәні бойынша 2024 жылдың 27 ақпан күні «КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКА: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖӘНЕ ТАБЫС ТАБУ КӨЗІ» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара “Театр өнері”факультетінің Д.Ақмолда шеберханасы 2-курс студенттерімен және кафедра доценті Күлдебаев Естай Қағазұлы және  аға оқытушы Жұмағұлов Мейірбек Оңғарұлы жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Іс – шара мақсаты:

Студенттердің бойында креативті ойлау және шығармашылықпен айналысу, одан табыс табу құзыреттілігін қалыптастыру. Студенттердің аталмыш тақырыпта білімін өсіру, шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау көрсету, қазіргі заманның креативті мәселелерін шешуге студенттерді жұмылдырып қоғамдық қызметке қызығушылығын дамыту.

Іс-шара форматы: “Медиа ассорти”(Quizizz), (Startup).

Startup-қа қатысушылар:

Д.Ақмолда шеберханасы.

«Мини театр» – Ғалымжанова Назерке, Шалқар Несібелі.

«Креативті экономика: Жасанды интеллект, монетизация» – Жастілек Мақсат, Айбек Эльдана.

«Стартап бұл бизнесті дамытудың жаңа әдісі, жолы, тәсілі.»- Нұржақып Ерназ, Арасанбек Ерасыл.

А.Маемиров шеберханасы.

«Чат-бот» – Асылжан Ихласов, Аружан Асылбекқызы

«Oyu.play-платформасы» – Болатбек Мадина, Жақсылық Ұлжан.

Мультимедийная сценография.

«Biz Bolashak» – Көшкинбекова Саяжан, Нұрдиллаева Нұрбала.

А.Ашимов шеберханасы.

«Театралды бренд»-Жолдас Дінмұхамед, Магауианова Анель.

«Қахақ рухы»-Инкербаева Нұрай, Жасболат Айшабибі, Абылқасымов Дарын, Жүсіпов Райымбек.

Іс-шараны қорытындылаған  Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі, профессор Алимжанова Алия Шарабековна іс-шараны жоғары бағалап, студенттерге сәттілік тіледі!.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия