• 14.11.2024

“Дәстүрлі музыкалық өнер” кафедрасы

  • ҚазҰӨА
  • “Дәстүрлі музыкалық өнер” кафедрасы

Білім беру бағдарламалары

Оқытушылар құрамы

«Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасы 2008-2009 оқу жылында «Дәстүрлі мәдениет және өнер» кафедрасының негізінде ашылған болатын. Қазіргі уақытта  кафедрада 5В040400 – «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығы, «Халық әндері» және «Халық аспаптары» мамандандыруы бойынша бакалаврларды дайындау жүзеге асырылады.

  • 2008-2009 жылдары кафедраның меңгерушісі ҚР еңбек сіңірген әртісі Қосбармақов Е.А.
  • 2009-2012 жылдары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Абдуалиев А.Ж. басқарды.
  • 2012-2020 жылдары кафедра меңгерушісі Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Стамғазиев Р.Ө.
  • 2020-2022 жылдары кафедра меңгерушісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанпейісов Н.Қ.
  • 2022-2024 жылдары кафедра меңгерушісі ҚР мәдениет саласының үздігі, PhD, Бекмолдинов Н.С.
  • Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, доцент Даржан Шолпан Жарқеткенқызы болып табылады.

Әр жылдары кафедрада елімізге танымал өнер қайраткерлері мен халықаралық дәрежедегі ғалымдар еңбек еткен. ҚР құрметті білім беру қызметкері, «Этнографиялық және этнологиялық зерттеулер» номинациясы бойынша Еуразиялық әдебиет сыйлығының күміс иегері, өнертану ғылымдардың докторы, профессор, «Құрмет» орденінің кавалері Мұхамбетова А.И.; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Момынов П.Н.; өнертану ғылымдардың докторы, профессор Омарова Г.Н.; өнертану ғылымдардың кандидаты Сабырова А.С.; өнертану ғылымдардың кандидаты, доцент Мұсағұлова Г. Ж.; қобызшы, зерттеуші Ақмолда Саян; Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты С. М. Медеубек және т.б.

Бүгінде кафедрада музыкалық орындаушылық өнер мен музыка ғылымы саласындағы белгілі мамандар қызмет атқарады:

  • Қазақстанның халық әртісі, доцент Стамғазы Р. Ө.;
  • Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қосанова А.Ш.;
  • ҚР еңбек сіңірген қайраткері, доцент Жанпейісов Н.Қ.,
  • ҚР Мәдениет қайраткері, доцент Әбуғазы М.Қ.;
  • ҚР мәдениет саласының үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, доцент Даржан Ш.Ж.
  • ҚР Мәдениет қайраткері, өнертану ғылымдардың кандидаты, «Құрмет» орденінің кавалері, профессор Мұқышев Т.К.;
  • «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры Төлен Қ.Ә.;
  • Өнертану ғылымдардың кандидаты, қауым. профессор Алсаитова Р.К.;
  • Өнертану ғылымдардың кандидаты, доцент Қазыбекова Ж.А.;
  • «Құрмет» орденінің кавалері, оқытушы Мұса Ә.Т.;
  • ҚР мәдениет саласының үздігі Абугазин Т.Қ.;
  • Мәдениет саласының үздігі, PhD, аға оқытушы Бекмолдинов Н.С.;
  • Өнертану ғылымдарының магистры, оқытушы Картенбаева Қ.М.;
  • Өнертану ғылымдарының магистры, аға оқытушы Нурмолдин С.Ж.;
  • Өнертану ғылымдарының магистры, оқытушы Дүйсенбекқызы Т.

Кафедраның мықты ғылыми және педагогикалық әлеуетінің арқасында кафедрада 2012ж. магистратура (6М040400 – «өнер магистрі» мамандығы), 2013ж. – PhD докторантура (6D041600 – «Өнертану», «Музыка тарихы мен теориясы» мамандандыруы) ашылды.

Кафедраның зор шығармашылық және ғылыми-зерттеу әлеуеті кафедра оқытушылары мен студентерінің Республикалық және Халықаралық конкурстарға, республиканың концерттік өміріне (сонымен қатар үкіметтік концерттерге), шетелдерге гастрөлдік сапарларға, жеке концерттерге, радио мен теледидар бағдарламаларына, монографиялар мен мақалалар жинақтарын, оқу құралдары және бағдарламаларды басып шығаруға, Республикалық және Халықаралық конференцияларға белсенді қатысуы, отандық және шетелдік басылымдарда ғылыми мақалаларды жариялауы арқылы ашылады. Кафедра оқытушылары үнемі әр түрлі конкурстар мен фестивальдердің қазылар алқасы құрамында жұмыс істейді.

Дәстүрлі музыка өнері саласындағы білім беру үрдісінің тиімділігін және сапасын арттыру негізінде мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру, Республиканың, сондай-ақ шетелдің алдыңғы қатарлы білім беру және мәдени ұйымдарымен өзара интеграциялық іс-әрекетін күшейту, музыкалық өнер саласында мамандар даярлауда кафедраның негізгі мақсаты мен міндеттері болып табылады.  

Приемная комиссия