• 29.06.2024

Өнер академиясының докторанттарының ғылыми семинары өткізілді

Авторkaznai

Jun 25, 2024

2024 жылдың 17 және 21 маусымында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының докторанттарының ғылыми семинары өткізілді. Мақсаты – ізденушілердің зерттеу нәтижелері мен инновациялық жұмыстары, сондай-ақ ғылыми ізденістер жүргізу тәжірибесі туралы ғылыми ақпарат алмасу.

Модератор ретінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының басшысы А.А.Кульшанова сөз бастап, жастардың ғылыми ортасының өзектілігін атап өтті.

Семинарға 2 және 3 курс докторанттары мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты. Ғылыми баяндамаларының негізінде “8D02184-Кино және ТВ режиссурасы” білім беру бағдарламасының 2 – курс докторанты Э.Б.Пшенаева, “8D02197-Хореография” білім беру бағдарламасының 2 – курс докторанттары А.Т.Исалиев, Б.А.Кукетов, “8D02184-Кино және ТВ режиссурасы” білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Р.А.Альжанов, “8D02195-Өнертану” білім беру бағдарламасының 3-курс докторанттары Х.Мұрат, М.М.Келсінбек зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

Семинарға профессор-оқытушылар құрамынан С.К.Каржаубаева, Ш.Н.Уразбаева, А.А.Машурова қатысып, докторанттарға құнды кеңестер берді. Ал жаңадан бастаған зерттеушілер зерттеу жұмысының өзектілігі мен практикалық маңыздылығын атап өтіп, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуге ниет білдірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Приемная комиссия