2024 жылдың 07-қазан күні Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі педагогикалық және өндірістік практиканы ұйымдастыру және өткізу бойынша қысқы қабылдау 1-курс магистранттарына және олардың практика жетекшілеріне арналған практикаалды семинарын өткізді.
Практика алды семинарда мамандарымыз білім алушыларға практикадан өту кезеңдеріне, олардың ерекшеліктеріне назар аудара отырып, практиканың мақсаттары мен міндеттерін түсіндірді.
Аталған семинарда педагогикалық модель, кәсіби құзыреттілік және жаңа интерактивті технологиялар талқыланды.
Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Садыкова Айгуль Егинбаевна баяндама жасады.