27 қазан күні сағат 12.00-де «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің бірінші және екінші курс студенттерімен «Ұлы даланың – ұлы есімдері» атты Тілдер апталығы аясында «Түркі әлемі: дәстүр, мәдениет, мұра» көркем-визуалдық байқауын өткізді.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
- 1. «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» авторлық байқау және шығармашылық жұмыстарды қорғау
- 2. «Атадан қалған асыл сөз» мәнерлеп оқу байқауы
- 3. «Ұлы түріктердің ұлы есімдері» эссе байқауы
Байқау нәтижесінде студенттер дипломдармен марапатталды:
- 1 орын – «Шамшырақ» тобы (1 курс, «Театр және кино костюмдерінің дизайны», «Мүсін» мамандықтары);
- 2 орын – «Яссы» тобы (2 курс, «Монументалды кескіндеме», «Станоктік кескіндеме», «Кітап графикасы» мамандықтары);
- 3 орын – «Күлтегін» тобы (1 курс, «Монументалды кескіндеме», «Станоктік кескіндеме», «Кітап графикасы» мамандықтары).
Сонымен қатар, студенттер номинациялар бойынша марапатталды:
«Ең креативті» – Сатыбалдиева Тоғжан (1 курс, Фэшн дизайн);
«Жоғары көркемдік деңгей» – Жиенғалиева Ақерке (1 курс, Монументалды кескіндеме);
«Орындаушылық шеберлік» – Кульмачева Нұрай (1 курс, Театр және кино костюмінің дизайны).